16 қазан – Бүкіләлемдік азық-түлік күні. Әлемде аш адамдар жыл өткен сайын көбейіп келеді. Бір миллиардтан астам адам ашқұрсақ өмір кешеді. Қазақстанда да азық-түлік бағасы жыл сайын қымбаттап келеді.
Биылғы жылдың басында сарапшылар «Қазақстан азық-түлік өнімдерінің бағасының өсу жөнінен рекорд жасады» деп, есептерін жариялады.
БАҒА ШАРЫҚТАП КЕТТІ
Еуропалық сарапшыларға сілтеме жасаған «РИА Аналитика» агенттігі Қазақстан 2011 жылы азық-түліктің бағасы тым тез өсіп бара жатқан елдердің арасында төртінші орынды иеленді деп хабарлады.
Былтыр ауыл шаруашылық өнімдерінің, атап айтқанда, еттің бағасы көп қымбаттады. Қазақстанда азық-түлік бағасы өспесе, төмендемейтін болды.
Статистика агенттігінің деректеріне қарағанда, азық-түлік өнімдерінің бағасы бір ай ішінде ғана 0,4 пайызға өскен. Қыркүйекте ұн бағасы тамыз айымен салыстырғанда 3,5 пайызға, көкөністер мен өсімдік майы 1 пайызға, нан 0,7 пайызға, балық және теңіз өнімдері 0,6 пайызға, макарон өнімдері, жұмыртқа 0,4 пайызға, кондитерлік өнімдер 0,3 пайызға, ет (ет өнімдерін қоса алғанда) және сүт өнімдері 0,2 пайызға қымбаттаған.
Төмендегі кестеде негізгі азық-түлік түрлерінің Қазақстандағы орташа бағасы (теңгемен) берілген. Мақаладағы кестелер Қазақстанның статистика агенттігінің деректері негізінде құрылған.
Кестеден көргеніміздей, кейбір азық-түлік түрлерінің бағасы 2005 жылмен салыстырғанда екі еседен көп өскен. Әсіресе ет бағасының едәуір қымбаттағаны көрініп тұр. Доллардың бағамы 2005 жылы - 132 теңге 62 тиын, 2011 жылы - 146 теңге 62 тиын, 2012 жылдың қыркүйегінде 149 теңге 99 тиын болды.
БАҒАНЫҢ ӨСУ СЕБЕПТЕРІ
Климаттың өзгеруі, шикізаттың, әсіресе қуат көздерінің тапшылығы, қоршаған ортаның ластануы, халық санының өсуі азық-түліктің қымбаттауына әсер етеді. Адамзатты қамтамасыз ету үшін 2050 жылға қарай азық-түлік өндіру екі есеге артуы тиіс.
Биыл бағаның бүкіл әлем бойынша шарықтап кетуі АҚШ, Ресей және Украинадағы құрғақшылықпен байланысты болды. БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы бағдарламасы (ФАО) биыл «дәнді дақылдардың әлемдік өндірісінің көлемі төмендейді» деген болжам жасады.
Ауыл шаруашылық министрлігінің ақпары бойынша, жазғы құрғақшылықтан соң, Қазақстанда 600 мың гектар жер жарамсыз деп танылды. Бағаның өсуінің бір себебі - елдің аграрлық саласының жылдан жылға құлдырап бара жатуы. Азық-түлік өнімдері бағасының өсуіне алыпсатарлықтың да ықпалы бар.
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 2011 ЖЫЛЫ ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНДЫ?
Деректер көрсеткендей, Қазақстан қоғамының түрлі әлеуметтік топтарының азық-түлікті тұтыну мөлшері бірдей емес. Кез келген қоғамда бай-кедей деп бөліну болатыны - түсінікті жайт. Алайда өзін әлеуметтік бағыт ұстаған ел ретінде көрсеткісі келетін мемлекет олардың арасындағы алшақтықты қысқартуы тиіс.
Төменде берілген деректерден әлеуметтік страттар арасындағы тұрмыс айырмашылығы көрінеді. Халықтың жан басына шаққандағы орташа көрсеткіш (бұл көрсеткішті билік жиі пайдаланады) қоғамның бай және кедей бөлігінің тамақтануы арасындағы айырманы толық көрсете алмайды. Бұл әсіресе халықтың дециль топтарының үй шаруашылығынан көрінеді. Дециль топтар - Қазақстанның статистика агенттігі қолданатын анықтама. Ал кірістер теңсіздігінің децильді коэффиценті дегеніміз – халықтың ең ауқатты 10 пайызы мен ең кедей 10 пайызының орташа кірісінің айырмашылығы. Азық-түліктің ет, балық, теңіз өнімдері, сүт, жеміс сияқты кейбір түрлерін тұтынудағы алшақтық (килограмм бойынша) үш еседен де жоғары.
Отбасында бала саны көбейген сайын азық-түлікке жұмсалатын ақшаның көлемі де өседі. Бұл - тұрмысы төмен отбасылар дұрыс тамақтанбайды деген сөз.
ҚАЗАҚСТАН ӨЗІН ЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕ АЛМАЙ ОТЫР
Агроөндірістік кешен (АӨК) біртіндеп құлдырап келеді. Азық-түлік қауіпсіздігі мәселесі халық тұтынатын азық-түліктің 80 пайызы елде өндіріліп, жылдық тұтыну көлемінің 20 пайызы мөлшерінде сақтандыру қоры жинақталған жағдайда ғана шешіледі.
Қазір Қазақстанда ауыл шаруашылық өндірісінің көлемі 1990 жылмен салыстырғанда күрт түсіп кетті. Ауыл шаруашылығындағы барлық өнім түрлерінің көлемі азайды.
Мал шаруашылығы әлі тоқыраған күйінде тұр. Ірі қара малдың саны 1990 жылғы 6 мың 757 бастан, 2011 жылы 5 мың 702 басқа дейін қысқарды. Қой мен ешкі саны екі есеге азайды. Ірі қара малдың 76,7 пайызы мен қой-ешкінің 67 пайызы - жеке шаруалардың меншігі.
Қазақстанның ет және ет өнімдері экспорты 1990 жылы 184,5 мың тонна болған. Жағдайдың түбегейлі өзгергені соншалықты, 2011 жылы бұл көрсеткіш 0,7 тоннаға дейін төмендеді. Есесіне импорт көлемі 187,3 мың тоннаға ұлғайды. Қазақстан өзін етпен толық қамти алмайтын халге жетті. Экономикасының негізі совет үкіметі орнағанға дейін мал шаруашылығы болған елдің бүгінгі халі - осындай.
Азық-түлік өнімдері бағасының өсуін енді тоқтату қиын болатыны сөзсіз. Ішкі себеп – ауыл шаруашылығы өндірісінің қысқарып, халық санының өсуі. Ал халықтың кірісі азық-түлік өнімдерінің бағасына сай көбейіп отыруы - екіталай. Бұл жағдай негізінен ұн мен нанды талғажау ететін отбасылардың көбеюіне душар етті. Статистикалық деректер осындай қорытынды жасауға себеп болды.
Бұл тақырыпты автордың Facebook-тегі жеке парағында да талқылай аласыздар.