Қазақстан америкалық ұйым жасаған экономикалық еркіндік рейтингінде 67-орын алды. Мұның бір жыл бұрынғы көрсеткіштен айырмашылығы шамалы. Бірақ Ресей мен Қытайдан озған.
Вашингтонда орналасқан Heritage Foundation ұйымы жариялаған 2014 жылға арналған экономикалық еркіндік индескінде Қазақстан экономикасы 67-орынды иеленді. Сарапшылар Қазақстандағы экономикалық еркіндікті 63,7 балл деп бағалап, "экономикасының еркіндігі орташа" ел атаған.
Қазақстан Азия және Тынық мұхиты аймағы елдері арасынан экономикалық еркіндігі жағынан 11-орында тұр. Биылғы көрсеткіш өткен жылғыдан 0,7 балға жоғары.
Экономикалық еркіндік индексі бизнес жасау, еңбек ету, қаржы-несие, сауда және инвестиция еркіндіктерінің көрсеткіші бойынша анықталады.
Ұйым сарапшылары Қазақстандағы инвестиция және бизнес жүргізу, қаржы-несие саласындағы еркіндіктің біршама жақсарғанын, бірақ меншіктің қорғалуы және сыбайлас жемқорлыққа қатысты ахуалдың нашарлағанын айтады.
Зерттеу ұйымы Қазақстан бұл индекске қосылған 17 жылда экономикалық еркіндік көрсеткішінің 22 балға көтерілгенін айтады.
Heritage Foundation ұйымы "Қазақстан бұл өсімге негізінен нарықтың ашықтығы мен экономиканы тиімді реттеу арқылы қол жеткізді. Экономикалық еркіндікті анықтайтын он көрсеткіштің жетеуі, олардың ішінде несие, сауда, қаржылық, фискалдық еркіндік және бизнес жүргізу бостандығы Қазақстанда біршама жақсарды. Бір кездері экономикасы "репрессивті" саналған бұл ел 2008 жылдан бері "экономикасының еркіндігі орташа" (moderately free) елдер қатарына енді" дейді. Салыстыру үшін: Қазақстанның экономикасы үлкен негізгі көршілері - Қытай - 137-орында, Ресей - 140-орында тұр.
Бірақ ұйым "Қазақстанда мемлекеттік орындарда сыбайлас жемқорлық, парақорлық кең таралғанын, оған өткен жылы коррупцияға қатысты бірнеше ірі қылмыстық іс қозғалуы дәлел болатынын" айтады.
"Сот билігі конституция бойынша атқарушы билікке бағынышты. Судьялар саяси ықпал ету құралына айналған. Сыбайлас жемқорлық сот жүйесіне еніп келеді. Соттар жекеменшік құқықтарын тиімді қорғай алмайды. Интеллектуалдық меншік құқықтарының бұзылуы жиі кездеседі" дейді Heritage Foundation есебінде.
Ұйым Қазақстандағы экономикалық еркіндік ахуалын жақсарту түсу үшін "энергетикалық секторға тәуелділікті азайту үшін құрылымдық реформаларды тездетуге, экономиканы әртараптандыруға" кеңес береді.
Қазақстанның 2013 жылғы көрсеткіші жекеменшікті қорғау, сыбайлас жемқорлық ахуалы мен сауда еркіндігінің нашарлауына байланысты одан бұрынғы жылғы ұпайынан 0,6 пайызға төмендеген еді.
Heritage Foundation индексінде биыл әлемдегі экономикасы "еркін" он елдің тізімін Гонконг (highest economic freedom) бастап тұр. Одан кейінгі орындарда Сингапур, Австралия, Швейцария, Жаңа Зеландия, Канада, Чили, Мавритания, Ирландия және Дания тұр. АҚШ тізімде 12-орын иеленген.
Бұрынғы советтік мемлекеттерден "экономикасының еркіндігі орташа" елдер санатына Армания, Латвия, Әзербайжан және Қырғызстан кірген. Молдова, Тәжікстан, Беларус "негізінен еркін емес" (mostly unfree) елдер қатарына енген.
Украина (155-орын), Өзбекстан (163), Түркіменстан (171) "экономикасы репрессивті" елдер қатарында тұр.