Қарттар құқығын қорғаумен айналысатын HelpAge International үкіметтік емес ұйымы жуырда әлемнің 90 елі кірген бақытты кәрілік индексінің рейтингін жариялады.
БАҚЫТ ИНДЕКСІ
Зерттеушілер қарттардың өмір сапасын материалдық әл-ауқаты, денсаулық жағдайы, жұмыспен қамтылуы, білім және тұрмыс деңгейі (қауіпсіздік, азаматтық еркіндік) сияқты өлшемдер бойынша бағалады.
«Ең бақытты» қарттардың дамыған елдерде тұратыны анықталды. Ол елдер - Швеция, Норвегия, Германия, Нидерланд, Канада, Швейцария, Жаңа Зеландия, АҚШ, Исландия, Жапония. Бұл елдердің бақытты зейнеткерлерінің тұрмыс және басқа да қажетіне жететін табысы бар, денсаулығы жақсы болғандықтан ұзақ өмір сүреді, зейнетке шықса да жұмыс істеу мүмкіндігі бар, оларға қауіпсіз елде тұрмыс кешу бақыты бұйырған.
Пәкістан, Танзания және Ауғанстан рейтингтің төменгі сатысына орналасқан. Рейтингке ТМД-ның кейбір елдері де енген. Армения – 51, Тәжікстан – 52, Беларусь – 60, Қырғызстан – 63, Молдова – 74, Ресей – 77-орынды иеленді.
Қазақстан зерттеу тізіміне енбеген.
СТАТИСТИКА МЕН ШЫНДЫҚ
Биыл қазақстандықтардың орташа айлық зейнетақысы 29 мың теңгеден сәл асты. Ал жұмыс стажы толық емес зейнеткерге 14 мыңға жуық теңге тағайындалады. Қауіпсіздік органдарында қызмет атқарғандар еңбек еткен жылдары үшін елдегі ең жоғары орташа зейнетақы - 58 мың теңгедей алады.
Алматыда тұратын 73 жастағы зейнеткер Қайыргелді Аяпбергенов:
– Бұрын әскери қызметте болғанмын, «гражданкада» да жұмыс істедім. Алатын зейнетақым жақсы. Жылда курортқа барып демаламын. Немерелеріме көмектесемін. Жыл сайын ақылы клиникаға барып тексеріліп тұрамын, - дейді.
Бірақ қартайғанда қиыншылық көріп жүрмін дейтін жандар да көп. Егер Қазақстан отбасыларында есейген балалары әке-шешесіне қарайласпаса, қарттардың көпшілігінің жағдайы нашарлап кетер еді. Зейнеткерлердің көбін қинайтын – емделу қымбаттығы. Мысалы, Шығыс Қазақстан облысындағы Жаңаталап ауылының 65 жастағы тұрғыны Бәтима Самитова Азаттық тілшісіне «зейнетақым дәрі-дәрмекке де жетпейді» дейді.
– Зейнетке шыққанша ауыл моншасы мен автовокзалда кассир болып істедім. Жалақым да тәп-тәуір еді. Совет Одағы күйреген соң жалақымды қиып тастады. Енді 17 мың теңге зейнетақы аламын. Өзім диабетпен ауырамын, зейнетақым дәрі-дәрмекке, инсулинге жетпейді. Дәрігер тегін қабылдайды, бірақ дәріні өз есебімізден сатып аламыз. Дәріге ай сайын 20 мың теңге кетеді. Бар сүйенішім - балалар. Қазір кіші баламның қолында тұрамын, сол ұлым асырап отыр, - дейді Бәтима Самитова.
Қазақстандық зейнеткерлер дамыған елдер мен аймақтағы көршілес елдердегі зейнеткерлермен салыстырғанда 2012 жылы қаншалықты «бақытты» өмір сүргенін салыстыру Азаттық тілшісі ресми деректер негізінде құрастырған кестеге назар аударалық.
Қазақстандық зейнеткерлер дамыған елдерде тұратын қарттарды зейнет жасы жағынан ғана ұтады. Алайда Қазақстан үкіметі әйелдердің зейнет жасын ұлғайтып отыр. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, халқы тез қартайып бара жатқан елдер зейнет жасын өсіреді. Дамыған елдермен салыстырғанда Қазақстанда мұндай проблема жоқ.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің деректері бойынша, Қазақстанда 1 миллион 759 мың зейнеткер бар. Бұл халықтың жалпы санының 10,4 пайызын құрайды. Ал «кәрі ұлттарға» жататын еуропалық елдерде әр бесінші азамат зейнеттік демалыста. Зейнеткері ең көп ел – Италияда халықтың жалпы санының 27 пайызы зейнет жасында. Германияда бұл көрсеткіш - 26,7 пайыз, Финляндияда – 25,8 пайыз.
Қазақстандық қарттардың зейнетақы мөлшері Еуропа елдеріндегі зейнетақыға қарағанда - бірнеше есе, көрші Ресеймен салыстырғанда бір жарым есе төмен.

Елдер | Зейнетке шығу жасы | Орташа зейнетақы (доллармен) | |
әйелдер | ерлер | ||
Швеция | 65 | 65 | 2385 |
Норвегия | 67 | 67 | 1850 |
АҚШ | 65 | 65 | 2000 |
Ресей | 55 | 60 | 330 |
Финляндия | 63 | 63 | 1970 |
Қазақстан | 58 | 63 | 200 |