Наурыздың 14-і күні The Eurasia View («Еуразия вью») басылымы Қарашығанақ кенішінің дәл қасындағы Березовка ауылының жанжалына қатысты мақала жазды. Березовка тұрғындары 2002 жылдан бері денсаулыққа қауіпті газдан қашып, заңды түрде басқа жаққа қоныс аудара алмай кеніштің иелерімен соттасып жатыр.
Сот 2010 жылы 1400 тұрғынның талап-арыздарын жартылай қолдап, істі халықтың пайдасына шешкен. Одан бері екі жыл өтсе де сот шешімі орындалған жоқ. Құқықтары үшін 10 жылдан бері күресіп келе жатқан ауыл тұрғындары түсініксіз жағдайда қалды деп жазады басылым.
«ҮЛКЕН БИЗНЕСКЕ ТӘУЕЛДІ СОТ»
Автор мақаласында ауылдағы кейбір белсенділердің пікірін келтіреді. Бір күрескер: «Бұл іс соттың Қазақстандағы үлкен бизнеске тәуелді екенін көрсетеді» десе, Green Salvation ұйымының төрағасы Сергей Куратов: «Соттың шешімін орындайтын
кезде үкімет тарапынан түсініксіз жайттар көбейеді. Іске байланысты кінәлілер көбейген сайын, оларға қатысты мемлекеттің де мүддесі молая береді. Үкімет іске араласқан сайын сот шешімін орындау да қиындайды» деген.
Не болса да қазір билік пен тұрғындар арасындағы қоныс аудару мәселесі шиеленісіп тұр. Себебі ауыл адамдары қоныс аударуға мәжбүр болғаны үшін үкіметтен сомасы ірі компенсация талап етіп жатыр деп жазады басылым.
«ҚАУІПТІ ЗОНА КІШІРЕЙІП КЕЛЕДІ»
Автор Қарашығанақ кенішінің тарихына аз-кем тоқталған. Бұл кеніш 1979 жылы ашылып, 1997 жылы ұлыбританиялық BG Grоup пен италияндық ENI компаниясымен бірлескен КРО (Karachaganak Petroleum Operating) компаниясының қол астына өткен. Ауылдың дауы 2002 жылы жаңа заң бойынша кеніштің маңынан радиусы 5 шақырымға созылатын санитарлық зона белгіленген соң басталды.
Осы кезде денсаулыққа қауіпті зонада қалып қойған тұрғындар қауіпсіз аймаққа қоныс аудару туралы мәселе көтерген. Бірақ 2003 жылы үкімет басшылары мұнай өндіруде жоғарғы технология қолдану себебінен Қарашығанақтағы санитарлық зона үш шақырымға қысқарды деп мәлімдеді. Осылайша ауыл адамдары буферлі аймақтың сыртында қалып қойды.
Санитарлы зонаны қайта қарап, оның аумағын анықтау үшін арыз-шағым көбейіп, ақырында бұл іске шетелдік ұйымдар араласа бастады деп жазады басылым. 2008 жылы тұрғындардың атынан Green Salvation ұйымы үкіметке арыз түсіріп, бұл мәселені қайта көтерді. 2010 жылы бұл істі Астана қаласында қайта қараған арнайы аймақаралық экономикалық сот бұрынғы бес шақырымдық зонаны қалпына келтіріп, жергілікті билік органдар тұрғындар өтінішін қанағаттандырсын деген шешім шығарған. Тіпті сол кезде кеніштің қазіргі екі иесінің аты аталып, зонадағы жекеменшікке қатысты келеңсіз жайттар жайында да ескертулер жасалған болатын. Бірақ одан бері «тырс» еткен өзгеріс жоқ.
«МҮДДЕСІ БӨЛЕК ҮКІМЕТ»
Кейбір бақылаушылардың пікірінше бұл істе Қазақстан үкіметі мен КРО-ның мүддесі бір. Себебі Қазақстан үкіметі бірнеше жылдан бері Қарашығанақ жобасына қатысып, одан үлес ала алмай келген еді. Мақала авторы Қазақстандағы мұнай-газ өндірумен айналысатын жалғыз мемлекеттік компания «ҚазМұнайГаздың» «Қарашығанақ» жобасына үлеске кіру тарихына қысқаша тоқталып өткен.
2007 жылдан бері Қазақстан үкіметі шетелдік компанияларға әртүрлі жолдармен қысым көрсетіп, мүдделерін таңып келді. 2011 жылдың желтоқсан айында үкімет пен КРО келісімге келіп, «ҚазМұнайГаз» 10 пайыздық үлеске кірген деп жазады Eurasia View.
Березовка ауылын көшіру туралы мәселе де үкіметтің өз мүддесі үшін жасалып жатқан кезекті әрекеті болуы мүмкін деген пікірлер бар дейді автор.
Алайда жергілікті билік бұл пікірмен келіспейді. Аудан әкімінің орынбасары ауылдың жағдайы сондай нашар болса, тұрғындар болашағы үшін бұл жерден баяғыда-ақ үдере көшіп кетер еді. Олар бар болғаны ақша талап етіп жатыр. Керісінше КРО ауылға құны 200 мың АҚШ доллары болатын су жүйесін орнатып жатыр деген уәжді алға тартады.
«ІРГЕТАС ШӨГІП БАРА ЖАТЫР»
Басылымның жазуынша, қоныс аудару туралы қарарды күтіп отырғанда ауылдың жағдайы нашарлаған үстіне нашарлай түскен. 2011 жылдың қаңтарынан бастап, ауыл тұрғындары үйлерінің асты жарылып, іргетастың шөккенін байқаған. Олар осы өзгерістің бәрін өндірістің әсері деп санайды.
Мектептегі музыка пәнінің мұғалімі Светлана Аносова: «Қазір мәселенің шешілмеуіне байланысты адамдар үй-жайларына қарауды қойды. Ауылдың болашағы бұлыңғыр. Халық қазір үміт етуден де шаршады. Біз үнемі бір нәрсе жасай бастасақ, бір-бірімізге қарап «мұның не керегі бар, ертең жағдай өзгеріп кетсе бәрі қалады ғой» дейміз. Адамдардың үміті үзіліп барады» дейді The Eurasia View тілшілеріне.