Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Зүбайыр ауылының оқушылары Семей қаласына келіп, Федор Достоевскийдің мұражайы қызметкерлері ұйымдастырған «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні - ғашықтар мерекесіне қатысты.
Мұражай қызметкерлері мерекені сайыс түрінде ұйымдастырды. Шарт бойынша жігіттер «Қозы Көрпеш» атағына таласты.
«АРУДЫҢ ЖҮРЕК ҚАЛАУЫ»
Сәуірдің 17-сі күні қазақ эпосының кейіпкерлерінің есімдерін иеленіп, арулардың назарын аудару үшін додаға түскен жастар өздерінің тапқырлығын танытып, ақындық шабыттарын көрсетті.
Мұражай маманы Салтанат Сексембаева Азаттық радиосына «Жігіттер ұлттық ойындарда ептілік танытып, махаббат туралы өлеңдерін оқып, өздері жасаған ғашықтар мерекесінің эмблемасын көрермен талқысына ұсынуы тиіс» деген еді.
Қыздар арасындағы сайыстың үш кезеңінің қорытындысы бойынша 10-сынып оқушысы Гүлмира Хисамутдинова «Баян Сұлу» атанды. Гүлмира жігіттер жағындағы сайыста алға шығып, «Қозы Көрпеш» атағына лайық болған екі үміткердің бірін таңдады. Арудың жүрек қалауы 11-сынып оқушысы Архат Бағдатовқа түсті.
«ҚОЗЫ МЕН БАЯН»
Сайыстан кейін «өрімдей Қозы мен Баянның арасында бір-біріне деген риясыз сезімнің ұшқыны тұтанғанын» байқаған мұражай қызметкерлері «Мұражайдың кіре берісінде орнатылған алтыбақанға дейін екеуі жұп жазбай, қол ұстасып барғанын, ал мерекелік дастархан басында нәр татпастан бір-біріне ұрлана көз тастап, жымиып отырғандарын» айтты.
Ғашықтар күнінде сайысқа қатысқан 11-сынып оқушысы Бауыржан Меңдекеев «жеңіліп қалғаныма онша қапаланған жоқпын, ең бастысы - мерекеге қатысып, достарына демеу көрсеттім» дейді.
- Бұл сайыс ұлттық дәстүрімізге сай, мәнді де сәнді өтті, - деген Бауыржан «бұл кеште көрермендер де, сайысқа қатысушылар да махаббат үшін құрбан болған эпос кейіпкерлерін еске алғанын, қос ғашықтың сезімге адалдығы мен сертке беріктігін құрметтейтінін» айтты.

Бұл сайыс ұлттық дәстүрімізге сай, мәнді де сәнді өтті.