Астанадағы Оқушылар сарайында өткен алғашқы "Президент шыршасына" жетімдер мен әлеуметтік жағдайы нашар балалар шақырылып, әрқайсысына 75 мың теңгелік сыйлық әзірленді.
13 жастағы Максим Лебянский мен 9 жастағы Анатолий Загородний Астанадағы жаңа жылдық шыршада танысыпты. Балалар мерекелік костюмді әжелері тігіп бергенін айтты. Екеуі де әке-шешесіз қалған жетімдер.
— Мені бұл шыршаға жақсы оқығаным үшін, сосын әке-шешем болмағаны үшін шақырды. Атам мен әжемнің қолындамын, — дейді Анатолий Загородний.
Анатолий Аяз Атаның өзіне қалта телефонын сыйлағанын қалайды. Ал оның жасы үлкен досы айфон бұйырса деп армандайды.
Балалардың арманын Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орындағанға ұқсайды. Оның атынан шыршаға жиналғандарға таратылатын сыйлықтардың ішінде бір жылдық интернет байланысы бар Samsung Galaxy tab 7.7 планшеті, жұмсақ ойыншықтар мен тәттілер бар. Ресми мәлімет бойынша әр сыйлықтың бағасы - 75 мың теңге (500 АҚШ долларындай).
Жаңа жылдық таңертеңгілік шара кезінде балаларға сыйлықты үлестірген жоқ. Олар сырттай сүзіліп қарады да отырды.
Астана қаласының балалар құқығын қорғау басқармасының бастығы Римма Иманғазинованың сөзінше, сыйлықтарды балалар автобусқа отырып, үйлеріне қайтқан кезде бір-ақ алады.
Азаттыққа мұндай сыйлыққа разы екендерін білдірген оқушылардың ішінде 11 жастағы Азиза Омарова да бар. Ол үйінде бір планшет бар екенін, бір-ақ тағы біреуі артық болмайтынын айтты. Өйткені төрт ағайынды екен.
Жаңа жылдық шараға қатысушы 13 жастағы Әсел Сапарәлиева өзі тұрып жатқан "балалар ауылынан" шыққан ең үздік жеті оқушының ғана осы шыршаға жолдама алғанын жеткізді. 10 жыл бойы балалар үйінде тұрып жатқан Әсел жақсы оқитын, тәртібі үлгілі балалар ғана шыршаға қатыстырылғанын айтты.
Римма Имангазинова да мұндай ерекше шараға қатысудың оңай емес екенін ескертеді. Әр қатысушы-оқушының үлгерімі мен тәртібін айғақтайтын құжат қатаң түрде тексеріледі.
Жаңажылдық таңертеңгілік шыршаның өзі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың балаларды құттықтаған видеосымен ашылды. Президент жиналғандарға келесі жылдың табысты болуын тіледі.
Іс-шараның басты кейіпкерлері - Аяз Ата мен Ақшақар, Алдар-Көсе, Қарашаш, Жезтырнақ, Күнікей мен жаңа 2014 жылдың символы — Жылқы топ арасында жүрді.
Мерекелік шараға 9 бен 13 жас арасындағы 200 бала қатысты. Олардың көпшілігі - жетімдер мен тұрмысы нашар отбасылардан шыққандар.
Астанадағы жаңажылдық мейрамды тойлау шаралары осылайша "Президент шыршасынан" басталды. Бұл бағдарлама желтоқсанның 31-іне дейін жалғасады.
Сенбі күні Оқушылар сарайында Астана қаласы әкімінің шыршасы өтеді. Оған да жетім және дарынды балалар шақырылған. Конгресс-холлда 26-29 желтоқсан күндері, «Жастар» сарайында 25-29 желтоқсан күндері басқа да түрлі жаңажылдық шаралар ұйымдастырылады. "Қазақстан" орталық концерт залында 21-29 желтоқсан күндері "Жаңа жылды құтқару" операциясы" атты іс-шара болса, 27 желтоқсан күні «Көрме» орталығында астаналық жаңажылдық бал өтеді.
Желтоқсанның 31-і күні Астана әкімдігі алдындағы алаңда кешкі сағат 20.00-ден түнгі 01.00-ге дейін бас концерт қойылады деп жоспарланған.