Шымкент түбіндегі ұшақ апатына байланысты Қазақстанда 27 желтоқсанда қаралы күн жарияланғандықтан көптеген компаниялар бұл күні жаңа жылға арналған кешті өткізген жоқ немесе мерекені ұжым болып тойлауды кейінге қалдырды.
Жаңа жылды көңілдегідей қарсы алуға шамасы келмейтіндер де бар. Алматы қаласының тұрғыны Айжан Молдажанованың Жаңа жылды ойдағыдай қарсы алуға ақшасы жетпейді. Екі баласы бар Айжан – үй шаруасындағы әйел, зайыбы – дәрігер. «Жұбайым жалақысын әлі алған жоқ. Корпоративтік жаңа жылдық шараға 12 мың теңге төлепті. Ондайға бергенше, ол ақшаны үйге, отбасына әкелер едім» дейді Айжан Азаттық тілшісіне. «Мерекелік дайындыққа отбасыңызға қанша ақша қажет?» деген сауалға Айжан: «Балаларға сыйлықтар алып, адам сияқты қарсы алу үшін, кем дегенде 50 мың теңге керек» деп жауап берді.
КОРПОРАТИВТІК ТОЙ-ДУМАН
HeadHunter компаниясының зерттеу орталығының деректеріне сәйкес, жұмыс берушілердің көпшілігі бұл мерекені өз қызметкерлерімен бірге атап өтеді. Қазақстандық компания өкілдерінің 31 пайызы жаңа жылдық корпоративтік ойын-сауыққа фирманың есебінен 300 мыңнан 500 мың теңгеге дейін ақша жұмсайтынын айтады. Қызметкер саны неғұрлым көп болса, «мерекелік» бюджеттің сомасы да соғұрлым артады.
Әдетте корпоратив бюджетіне дастархан мәзірі мен түрлі ойын-сауық кіреді. Кейбір компаниялар қызметкерлерінің көңілін көтеру үшін музыканттар мен артистерді шақырады. Кешті жүргізуге шоу-бизнес саласының танымал жұлдызын да шақыруы мүмкін. Кештің шырайын кіргізіп, сәнін келтіретін артистер сыбағасына қыруар ақша сұрайды. Мысалы, Дима Биланның ондай жұмысы 150 мың еуроға түседі, оның өзінде ол шақырған жердің бәріне бара бермейді, тек Қазақстан, Подмосковье және Куршевельдің бай-бағыландар жиналатын кештеріне ғана қатысады деп жазады Fcw.su порталы.
Алматы қаласындағы банктердің біріндегі бөлім бастығы (аты-жөнін атағысы келмеді) Азаттық тілшісіне корпоративтік кешке бөлімнің мыңға жуық қызметкері қатысқанын айтты. «Салтанатты кеш өткізу адамгершілік тұрғысынан алғанда қаншалықты орынды?» деген сауалға ол: «Жұрттың түсінігінде жылына бір рет корпоратив өткізуге болады деген ұғым қалыптасқан. Ондай кешке негізінен бойдақ жігіттер мен тұрмысқа шықпаған қыздар баратынын да ескеріңіз. Ал үйлі-баранды жандар отбасы бюджетіне салмақ түспес үшін, мерекені үйде өткізгенді жөн санайды» деп жауап берді.
МЕРЕКЕЛЕУ МІНДЕТІ
Қазақстандықтардың үштен бірін жаңа жылдық корпоративтің ақшасын төлеуге міндеттейді. HeadHunter компаниясының зерттеу орталығы жүргізген мониторингтің қорытындысы осындай. Жұрт мұндай корпоративке өз қалтасынан 5 мың теңгеден бастап 20 мың теңгеден асатын ақша жұмсайды екен.
Жоғарыда аталған алматылық банкирдің айтуынша, бір қызметкерге шамамен 100 доллардай ақша жұмсалады. «Жалпы, қызметкерлердің алатын жалақысының көлеміне қарай шығын мөлшері де әр түрлі. Бұрын бұл шараға қатысу міндетті болатын, қазір әркімнің қалауы бойынша ерікті түрде барады. Бірақ қызметкерлерді мәжбүрлейтін басшылар да бар, ал біздің бөлімде мұндай міндеттеу жоқ» дейді банкир.
Мониторинг қортындысына сәйкес, респонденттердің 81 пайызы жаңа жылдық корпоративтік шараға өз еркімен қатысады. Сауалнамаға қатысқандардың 16 пайызы мейрамханаға «ерікті» түрде баруға мәжбүр екендерін мойындаған. Олардың түсіндіруінше, егер оған бармаса басшылардың қырын қабағына тап болуы мүмкін.
Алматы тұрғыны Айжан жұбайының өзінің ғана емес, корпоративтік кешке қатысудан бас тартқан бөлімде бірге істейтін медбикенің де үлесін төлеуге мәжбүр болғанын айтады. «Бастық айтқан соң көнбеске шара бар ма» дейді Айжан.
КОРПОРАТИВТІҢ ТҮРЛЕРІ
Сонымен, мінсіз өтетін корпоратив кеші дегеніміз не? «Қалай өткізуді таңдап алу керек, табиғат аясына, тауға шығуға, болмаса спорттық шаралар ұйымдастыруға болады. Мейрамханаға келіп сылқия тойып алып, бір-біріңді мақтаудың қажеті жоқ. Яғни, осындай формада өткенін қалар едім» дейді банк қызметкері.
Алайда, үй шар уасындағы Айжан «Мұндай корпоративтерді қайырымдылық сияқты сауапты іспен ауыстырған жөн. Маған салса, бұған кететін ақшаны балалар үйіне берер едім» деп өз пікірін айтты.
Мұсылман әлемінде белгілі бір салтанаттың, мысалы, үйлену тойы алдында кемтар, науқас жандарға, мұқтаж адамдарға садақа беру дәстүрі бар. Алматы қаласындағы Үміт үйінің директоры Сандуғаш Жуанышбекова «Үміт» үйінің өз демеушілері бар болғандықтан, балалар үйі мерекелерге өз ақшасын ешқашан шығармайтынын айтады. «Демеушілеріміз аз емес. Мына жаңа жылды да желтоқсанның бірінен бастап бүгінге дейін мерекелеп жатырмыз. Балаларға арналған мерекеден ақша үнемдемеген жөн. Оларға көп нәрсе керек емес қой: кәмпит, печенье, ойыншықтар болса жетіп жатыр» дейді Сандуғаш Жуанышбекова Азаттық тілшісіне.
Олигархтардың өзіндік тойлау дәстүрі бар. Жақында ресейлік БАҚ белгілі бизнесмен және «Анжи» футбол клубының қожайыны Сүлеймен Керимов өткізген корпоративтік кеш жайында жазды. Оған әншілерден Шер және Лана дель Рей, «Дискотека Авария», Филипп Киркоров, сондай-ақ 24 килограмм тартатын силикон омырауы бар америкалық танымал порноактриса Челси Чармс қатысқан деп хабарлады Life News.
Мақала материалдарын әзірлеуге Азаттық тілшісі Мәншүк Асаутай қатысты.

Мұндай корпоративтерді қайырымдылық сияқты сауапты іспен ауыстырған жөн. Маған салса, бұған кететін ақшаны балалар үйіне берер едім.