«Ағаштармен сөйлескің келсе, орманға түнде кел» деді Назарбаевқа орманшы

Актер Қуандық Қыстықбаев (сол жақ шетте) «Терең тамырлар» спектаклінде Нұрсұлтан Назарбаевтың рөлінде. Астана, 28 маусым 2011 жыл.

Кейбір өнер адамдары Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні жақындаған сайын оған қандай сыйлық дайындағандарын жариялап жатыр. Сондай сыйдың бірі – «Терең тамырлар» деп аталатын жаңа пьесада Назарбаев орманда жүреді.

Осыдан бес жыл бұрын Астана күні мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күні сәйкес келе кетті. Белгілі қазақ әншiсi Нұржамал Үсенбаева та музыкалық шығармасын (егер президент әншінің шілденің 1-і Астанада өтетін концертіне келсе) Нұрсұлтан Назарбаевқа арнамақ

«АРМАН ҚАЛА» МЕН АЛҒЫС

Оның қандай сыйлық екенін құпияда ұстап отырған опера әншісі «білгісі келген адам франциялық сазгер әрі дирижер Пьер Доминик Поннельмен бірге өткізетін жеке концертіме келсін» дейді. Нұржамал Үсенбаеваның
Қазақстанның халық артисі Нұржамал Үсенбаева баспасөз мәслихатында. Астана, 27 маусым 2011 жыл.

күйеуі, сенатор Төлеген Мұхамеджанов та биыл сәуір айында Назарбаевқа өлең арнап, парламент отырыстарының бірінде оқып берген:

«Даңғыл, көше, гүлзарлар ағынды өзендей тасыды,
Жүрегі ұлы көсемнің арманы жүзеге асты.
Миллионның қолына арман, алау ұстатып,
Тағдырына ие жандар біртұтас қадам басты» – деген өлең жолдарын келтіреді Tengrinews.kz. сайты.

Ерінің мұндай ақындығына Нұржамал Үсенбаева қарсы болмайды, қайта дұрыс санайды. «Арман қаланы» тұрғызған Нұрсұлтан Назарбаевқа разы екендігін айтады.

– Бұл – осы қаланы, біз үшін, өнер адамдары үшін салып, жағдай жасаған адамға деген шынайы ризашылық, – дейді Нұржамал Үсенбаева.

АҒАШПЕН СЫРЛАСУ

Шілденің екісінде Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап «Терең тамырлар» деп аталатын спектакль де қойылмақ. Ондағы басты кейіпкер – Қазақстан президентінің өзі. Спектакль премьерасын Қазақтың музыкалық драма театрынан Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрына ауыстырмақ екен. Азаттық радиосының тілшісі осы спектакльдің ақырғы дайындықтарының біріне барып көрді.

Режиссер Нұрлан Жұманиязовтың сөзіне жүгінсек, Ұлттық опера және балет театрында Назарбаев туралы шығарманың бүкіл ауқымы көрсетілуі керек.

– Сахна кішкентай, тереңдiк жоқ, сондықтан да мүлдем жақындамады, – дейді режиссер драма театры жайлы.

Шығарманың авторы – қазақ драматургы Еркін Жуасбек. Автор «Терең тамырлар» деп аталатын пьесасын бір жыл бұрын жазған екен. Режиссер
Режиссер Нұрлан Жұманиязов. Астана, 28 маусым 2011 жыл.

Нұрлан Жұманиязовтың айтуынша, бұл – қоғамға қажетті, қазақ театрындағы президент туралы алғашқы іргелі қойылым.

– Біздің президенттің еліміздегі, бұрынғы Совет елдері ауқымындағы, әлемдегі маңызды тұлға екендігін сезіну, – дейді режиссер спектакльдің мақсаты жайлы.

Пьесаның оқиғасы Астана маңындағы орманда өтеді. Декорацияда ағаш қана емес, Астананың нышандарының бірі – Бәйтеректің де суреті бар. Нұрсұлтан Назарбаев (актер Қуандық Қыстықбаев) осы «орманда» орманшымен кездесіп қалады.

Режиссердің пікірінше, орманшы – халықтың, оның ойы мен тілегінің бейнесі. Екі кейіпкер арасында әңгіме өрбиді.

– «Ағашпен сырласқыңыз келсе, олардың айтқандарын естігіңіз келсе, түнде келіңіз» дейді орманшы. Президент қызыл жіп байланған бір ағашты көріп қалып, оның сырын сұрайды. «Кейбір ағаштар барлық нәрді сорып алып, тәкаппарланып өсе береді. Бұндай ағаштарды шауып тастауға оқталғанда белгілеп қоямын» дегенді айтады орманшы, – дейді режиссер.

«ЕШБІР АҒАШ ШАБЫЛМАЙДЫ»

Пьесаның «аллегория» деп аталғанына қарамастан, Нұрлан Жұманиязов оны «поэтикалық драма» дейді. Режиссердің айтуынша, ондағы барлық сөз бен қимыл – ойдан шығарылған, сондықтан «ағаштарды адамдармен салыстырып керегі жоқ». Бірақ ол бар адамзат – табиғат төлі екенін, орман – оқиға орны екенін де ескертті.

– Пьесадағы бар әрекетті хор әншілері сүйемелдеп тұрады. Сөз біте сала музыка ойнайды. Ән – ойымыз бен арманымыз, – дейді режиссер.

Бірақ режиссер пьеса қазiргi қазақ қоғамындағы сенiмдерi әртүрлi, көзқарастары ұқсамайтын адамдардың болмысын көрсететінін айтады.

– Бiр «ағаш» жаңа биікке ұмтылса, енді бірі ешкімге керексіз. Ал кейбіреуі жасы мен көзқарасына байланысты қалыпқа сыймай жатады. Енді бірі
«Терең тамырлар» спектаклінің репетициясы. Астана, 28 маусым 2011 жыл.

бәрінің еш өзгермеуін қалап, өткен күнмен ғұмыр кешеді. Бірақ пьесаның соңында ормандағы ешбір ағаш шабылмайды, – дейді Нұрлан Жұманиязов.

«Пьесаның соңында ағаштардың біреуі ымыраға келеді, енді бірі келіспейді. Ал пікір түйетін – көрерменнің өзі» деген пікір айтады режиссер.

– Менiң келiскенім дәл қазір керек болса, келісемін. Бірақ адам әрқашан өз пікірінен айнымауына болады, – дейді режиссер Нұрлан Жұманиязов.

Оның айтуынша, бұл спектакльді қою үшін Астананың басшылығымен ұзақ кеңеспеген. Олар цензура жасамай, «дұрыс қабылдаған». Бірақ режиссер бәрібір уайымы сейілмегенін айтады.

– Толқып жүрмін. Жауапкершілігі өз мойнымда екені де даусыз. Бірақ үрейім үшып тұр деген сөз емес. Бұл – менің көркемдік танымым. Біреуге ұнамауы да мүмкін, – дейді Нұрлан Жұманиязов.