Ресей «орыстілді тұрғындар мүддесін қорғадық» деген уәжбен Қырымды құрамына қосып алған соң Азаттық Қазақстандағы орыс ұлты басым облыс тұрғындарының бұл жайлы пікірін білді.
Азаттық тілшісі Солтүстік Қазақстан облысының орталығы Петропавлдағы орыс қауымдастығы бөлімшесінің төрағасы, атаман Николай Авдеевпен қаладағы Мағжан Жұмабаев көшесі бойындағы Наурыз мерекесі шарасы өтіп жатқан жерде кездесті. Атаман Авдеев орыс ұлты өкілдері көп бұл өңірде Қырымдағыдай Ресейге қосылу оқиғасы болмайды деп сенеді.
«Өзімнің және Солтүстік Қазақстан облысындағы орыс қауымдастығының атынан «бізде Украинадағыдай жағдай болмайды» деп айта аламын. Бізде ұлттар арасындағы түсінбеушілік жоқ. Мен қазақ тілін толық білмейтін шығармын. Бірақ балаларым мен немерелерім қазақ тілін үйреніп жатыр» дейді жасы елулер шамасындағы атаман.
«Президент Назарбаевтың саясатын қолдайтынын» баса айтқан атаман облыстағы халықтың бірлігі мықты екенін жиі сөз етті. Ол сөзіне мысал ретінде
орыс қауымдастығының Наурызға арнап тіккен шатырына тәжік мәдени орталығының адамдары мерекемен құттықтап палау әкелгенін, өздерінің оларға ыстық тоқаш пен шай бергенін айты.
Авдеев ұлттық саясат туралы сұрақ қойылса болды, сөйлеу мәнері шенеуніктер стиліне жақындап, барынша ресмиленетін, сақтық танытатын жалғыз петропавлдық емес. Мемлекеттік телеарналар үздіксіз қайталайтын «ұлтаралық татулық кепіліне айналған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көреген саясаты» деген тіркесті көшеде де жиі естуге болады.
«ПУТИН – НАҒЫЗ ЖІГІТ»
Қала көшелеріндегі тұрғындардың көбі «Солтүстік Қазақстандағы Қырым қаупі» жайлы сауалға жауап беруге құлық танытпады. Тілдесуге ниет білдірген санаулы адамның бірі өзін адвокатпын деп таныстырған Лариса Танкина болды.
Лариса Танкина Қазақстандағы солтүстік облыстарды Ресейге қосатындай мәселе көтерілсе, міндетті түрде референдум болатынын, онда көпшілік дауысқа ие жақ қана жеңетінін заңгер ретінде айтты. Алайда ол Қазақстанда ондай жағдай боларына сенбейді.
«Шыны керек, осы жақтың өзінде (Қазақстанда – ред.) халіміз жақсы. Құдайға шүкір, Украинадағыдай жағдай жоқ. Бізде (Қазақстанда – ред.) экстремистер жоқ» деді ол.
Лариса Танкина Ресей президенті Владимир Путиннің Қырымға байланысты
шешіміне сүйсінді.
«Қырымдағы жағдай мені қатты таңдандырды. Путин Абхазияға көмектескенде де көзіме жас келген. Міне, нағыз жігіт! Үндемей жүреді де, қажет кезінде көресіні көрсетеді. Негізі бұл бәріне сабақ болды. Сондықтан халыққа жағдай жасау қажет» дейді Лариса Танкина.
Петропавл тұрғындары арасында «Ресей көмегін» ескертушілер де бар. Соның бірі – Михаил атты жігіт: «Егер Қазақстанда қандай да бір революция болса, онда Солтүстік Қазақстан облысы Ресейден көмек сұрауы мүмкін» деп болжайды.
РЕСЕЙЛІК САЯСАТКЕРЛЕР ОЯТҚАН ҚАУІП
Жергілікті журналист Өмір Есқалидың айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша қазақтар мен орыстардың саны теңесуге жақындағанымен, облыс орталығы Петропавлда қазақтардың үлесі аз – 197 мың халықтың 40 мыңдайы ғана.
«Бірақ урбанизацияның арқасында қаладағы қазақтардың үлес салмағы артып
келе жатыр. Ауыл, аудандар мен өзге облыстардан қазақтар көшіп келіп жатыр. Бұған дейін Өзбекстан мен Моңғолиядан да қандастарымыз келді. Тек қазір көші-қон тоқтап тұр» дейді ол.
Қазақстанның орыстілді тұрғындары көп солтүстік облыстары жайлы оқыс пікір ресейлік саясаткерлер мен белсенділер тарапынан ауық-ауық айтылып тұрады.
Биыл ресейлік оппозиционер Эдуард Лимонов «Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу керек» деген еді.
Іле-шала Ресей мемлекеттік думасы төрағасының орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновский де Украинадағы жағдайды айыптап, Орталық Азия елдерінің тәуелсіздігіне де күмән келтірген. Ол «Ресей Украинаны ғана емес, осы мемлекеттердің барлығын уысынан шығармауы керек еді» дей келе, «Ресей шекарасын оңтүстікке қарай кеңейту» жайын да айтқан.
Бұл оқиғалардан соң қазақстандағы азаматтық белсенділердің орыстілді тұрғындары көп аймақтар жайлы қауіптері Ресей Украина құрамындағы Қырымды өзіне қосып алған соң тіпті үдей түсті.
КАРТА: Ресейден тыс постсоветтік аумақта өмір сүретін ресейлік азаматтар, этникалық орыстар және орыстілділер
Қазақстанда соңғы рет 2009 жылы жүргізілген жалпыхалықтық санақ нәтижесіне қарағанда, Солтүстік Қазақстан облысындағы 643 мыңнан астам адам тұрады: оның 218 мыңы – қазақ, 310 мыңы – орыс.
2009 жылғы санақ нәтижесіне қарағанда, Қазақстанда орыс ұлты өкілдері (3 миллион 800 мыңға тарта адам) елдегі халықтың 23,7 пайызын құраған. Этникалық орыстардың үлесі Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында 40 пайыздан жоғары.