Былтыр Алматы түбінде 21 адам қаза тапқан әуе апатының себебі әлі ашылған жоқ. Бұдан кейін де SCAT ұшақтарынан бірнеше рет ақау шықты. Авиация маманы мен турагент ұшақтарды бастан-аяқ тексеріп, жаңарту керектігін айтады.
Қайрат есімді Шымкент тұрғыны – сәуірдің 7-сі күні Астанаға апатты жағдайда қонған SCAT әуе компаниясы ұшағының ішінде болған жолаушының бірі. Ол ұшақ қона алмай аспанда бір жарым сағат айналып жүргенде салондағы 89 жолаушының көбі қорқыныштан жылап, психологиялық стресс алғанын айтады.
СОҢҒЫ ОҚЫС ОҚИҒАЛАР
«Ұшақ Шымкенттен кешігіп шықты. Бізге техникалық себептерге байланысты кешіккенін айтты. Ұшақ орнынан жайлы көтерілді. Ал Астанаға жақындағанда ұшақ жоғарыдан төменге қарай бірнеше рет сілкінді. Жолаушылар шулап кетті. Экипаж мүшелері алдыңғы дөңгелек ашылмай жатқанын айтты. Бір жарым сағатқа жуық қиындықта отырдық. Ұшақтың ішіндегі адамдардың көңіл күйін айтып жеткізу қиын. Менде бұрын-соңды дәл мұндай қорқыныш болған жоқ. Бізді пилоттар құтқарып қалды» деп еске алады ол ұшақтың ішіндегі жағдайды.
Сәуірдің 7-сі күні Шымкенттен Астанаға бағыт алған SCAT әуе компаниясының Boeing-737 ұшағының алдыңғы дөңгелегі ашылмай қалып, белгіленген уақытынан 1 сағат 20 минутқа кешігіп қонған еді. Ұшақта 89 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған. Оқиғадан кейін қылмыстық іс қозғалып, транспорт және коммуникация министрлігінің азаматтық авиация комитеті тексеріс бастады.
Азаматтық авиация комитеті төрағасының орынбасары Серік Мұхтыбаев ең әуелі ұшақтардың техникалық жағдайы мен ұшқыштардың біліктілігі тексерілетінін, ал Scat компаниясын тексеруге байланысты әзірге мәлімет бермейтінін айтты.
Биыл сәуір айының өзінде Scat ұшақтары тағы екі апатты жағдайға тап болды. Әуелі Бангкок-Астана бағытымен ұшып келе жатқан ұшақтың тежегіші дұрыс істемей қалған. Сосын Алматы-Жезқазған бағытында ұшпақ болған ұшақтың дөңгелегінен ақау шығып, ұшпай қалған.
«СЕНІМСІЗДІК ТУДЫ»
Қазақстан авиатасымалдаушылар қауымдастығының төрағасы Владимир Куропатенконың пайымдауынша, SCAT ұшақтары душар болған соңғы оқиғаларда ұшқыштар біліктілік танытқан.
«Ұшақ – техника, сондықтан техника әртүрлі жағдайға ұшырауы мүмкін. Scat ұшақтары душар болған соңғы үш жағдайда да ұшқыштар кәсіби маман екендерін көрсетті. Бірінші жағдайда тежегіші істемей қалса да, ұшақ қонды. Ұшқыштар өте орынды шешім шығара білді. Екінші жағдайда ұшақ ұшар кезінде дөңгелегінің жарылғаны анықталды. Бұл жерде қорқынышты ештеңе болған жоқ. Экипаж мүшелері ұшақтың дөңгелегінде ақау бар екенін анықтады және соған орай ұшқан жоқ. Ал Шымкенттен Астанаға келе жатқан ұшақтың алдыңғы дөңгелегі шықпай қалды. Командир қиын жағдайда ұшақты қондыра білді. Қазақстандағы ұшқыштардың шеберлігі жоғары. Шу шығарудың қажеті жоқ. Тек SCAT компаниясының ғана емес Air Astana ұшақтарында да ақау болады. Барлық компаниялардың ұшақтарын түгел тексеру керек» дейді маман.
1997 жылы Шымкентте құрылған SCAT – Қазақстандағы чартерлік рейстер орындайтын жекеменшік әуе компаниясы. Компания биыл Сочиде өткен олимпиада ойындарына қазақстандық 200-ге жуық жанкүйерді апарып, алып келген. Компания жаз сайын Түркия, Таиланд пен БАӘ-ге баратын туристер үшін де рейстер ұйымдастырады.
Алматыдағы туристік компаниялардың бірінің қызметкері Нұрлан Қамбаровтың айтуынша, SCAT-тың ұшақтарына қатысты болып жатқан оқиғалардан кейін туристерде бұл компанияға деген сенімсіздік пайда бола бастаған.
«SCAT – Қазақстанда чартерлік рейстер ұйымдастыруға келісімді бірден беретін әуе компаниясы. Жазғы туристік маусымда бұл компания ұшақтары Таиландқа, Түркияға рейстер ұйымдастырады. Алайда туристердің көбі демалысқа басқа компаниялармен баруды қалайды. Сондықтан биыл SCAT компаниясының туристерге арналған чартерлік рейстері азаюы да мүмкін. SCAT жолаушылар арасындағы беделін көтеріп, олардың сенімін қайтару үшін жұмысына өзгеріс енгізіп, ұшақтарды жаңалауы қажет деген ойдамын» дейді туристік компания өкілі.
ЖАҢА 6 РЕЙС
2013 жылғы қаңтардың 29-ы күні Көкшетаудан Алматыға келе жатқан SCAT компаниясының ұшағы апатқа ұшырап, 21 адам қаза тапқан еді. Бұл ұшақтың апатқа ұшырау себебі әлі анықталған жоқ. Ал сол жылғы ақпанның 7-сі күні SCAT-тың Тараздан Алматыға келе жатқан АН-24 ұшағы қону жолағынан шығып кеткен.
Былтырғы мамырдың 16-сы күні компанияның Ақтау-Баку бағытында ұшқан CRJ 200 ұшағы Ақтау әуежайына апатты жағдайда қонса, қарашаның 29-ы күні Boeing-737 ұшағы Ақтаудан Алматыға ұшып шығып, 40 минуттан кейін техникалық ақауға байланысты Ақтауға қайтып оралған.
Бұл ақауларға қатысты компания егжей-тегжейлі комментарий берген емес. Азаттық тілшісінің компания басшылығынан апатты жағдайлардың жиілеу себептері мен ұшақтар паркін жаңалау жоспары туралы комментарий алу әрекеті сәтсіз аяқталды.
«Толықтырылып, жөнделіп жатқан» вебсайтындағы ақпаратқа қарағанда соңғы кездегі апатты жағдайлар компанияның қызмет көрсету аясын кеңіту жоспарына әсер етпегенге ұқсайды. SCAT биыл көктемде Астана, Алматы және Ақтау қалаларын оңтүстік Ресеймен, Урал және Сібір аймағымен жалғайтын жаңа 6 рейс ашып жатқанын хабарлайды.