Қорғаныс министрлігінің зейнеткері бір жарым жыл бойы зейнетақысын ала алмай жүргеніне жұмыс берушіні кінәлайды. Бұрынғы басшылық бұл жағдай жөнінде түсінік беруге құлықсыз.
Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны 50 жастағы Рашида Усманова өзі жұмыс істеген әскери бөлімнің жіберген қателігінің кесірінен заңды зейнетақысына қол жеткізе алмай отырғанын айтады. Әскери бөлім басшылығы орталық мұрағатпен «хат алмасуға уақыт керектігін» алға тартып, зейнеткердің мәселесіне нақты жауап беруден жалтарды. Зейнеткердің бұрынғы әріптестері осындай жағдай өз бастарында да қайталана ма деп қауіптенеді.
ЗЕЙНЕТАҚЫСЫЗ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ
Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны 50 жастағы Рашида Усманова жергілікті 74/261 әскери бөлімінде 20 жыл байланысшы болып істеген. 2011 жылдың қараша айында зейнет демалысына шыққан әйел бүгінге дейін бір теңге де зейнетақы алмаған. «Төлем орталығының мамандары менің зейнетақы ісімнен қаржыға қатысты көптеген қателік тауыпты» дейді Рашида Усманова.
Әскери қызмет туралы заңға сәйкес әскери қызметкерлердің зейнетақы
жарнасын жұмыс берушілер аударады. 10 жыл қызмет еткен соң олар зейнетақы жарнасын аударудан босатылады. Бірақ 10 жыл қызметін өтеген бұрынғы байланысшының атынан зейнетақы қорына жарна аударылып келген.
Бұл қателік әйел зейнет демалысына шыққан соң белгілі болыпты. Зейнетақы қорынан шамамен 800 мың теңгені мемлекеттің есебіне қайтару міндеті әскери бөлімге жүктелген. Бірақ істің ақыры ұзаққа созылып кеткен.
– Бұл ақшаны мемлекетке бір айдың ішінде қайтаруға болар еді. Ал біздің бөліміміз, яғни біздің финансистер бұл шаруаны неліктен сағызша созғандарын білмеймін, - дейді Рашида Усманова.
Рашида Усманованың қиын кезде көмектесетін күйеуі де, балалары да жоқ. 75 жастағы кәрі анасының ғана көмегіне сүйенеді. Қызының психикасы үшін алаңдаған анасы «Көңіл-күйі мүлде жоқ, қатты торығып жүр» дейді.
– Ештеңе алмағанына екінші жыл болды. Менің қолыма қарап қалғанын қатты уайымдайды. Көшеге шығуға да ұялады. «Шыда» деп өзімше жұбатамын, - дейді Рашиданың анасы Тұрсынай Усманова.
«ҰШЫП БАРМАЙМЫЗ ҒОЙ»
74/261 әскери бөлімінің басшылығы Рашида Усманованың ісі туралы түсінік беруге көпке дейін келіспеді. Азаттық тілшісінің бұл жайтты қалай білгенін сұрап, болашақ мақаланың мазмұнын айтып беруді өтінді.
– Немене, сенсация таптым деп ойладыңыз ба? Бұл туралы жазсаңыз, оқырманға қызық көрінеді деп есептейсіз бе? – деп сұрады бөлім командирінің орынбасары Жандарбек Түлеуов.
Ақыры журналистке әскери бөлімнің жабық аумағына кіруге рұқсат берілді. Әңгіме ұзақ болғанымен, тілшінің «Бұрынғы әскери қызметкердің зейнетақысын неліктен екі жыл бойы дұрыс ресімдеп бермей отырсыздар?» деген нақты сауалына жауап болмады.
– Бұл бір күнде бітетін шаруа емес қой. Орталық мұрағатқа хат жаздық. Ол жақтан құжаттар келгенше біраз уақыт өтті. Әрі-бері ұшақпен ұшып жүрмейміз ғой. Хат жазып, хат алысып дегендей, құжаттарды әзірледік, - дейді Жандарбек Түлеуов.
ҚОРҚЫНЫШ
74/261 әскери бөлімінде зейнетке шығатын жасқа жақындаған әскери қызметкерлер аз емес. Солардың бірі – фельдшер Нұрдәулет Нұрбопаев Рашида Усманова сияқты сергелдеңге түсем бе деп қорқатынын мойындады. Ол зейнетке шығуға жиналып, құжаттарын әзірлей бастапты.
– Он және одан көп жыл әскери қызметін өтеген қызметкерлер 1998 жылдан бастап зейнетақы қорына ақша аудармауы тиіс. Бұл туралы тіпті прокуратураның өзі біздің бөлімге ескерту жолдаған. Бірақ бұлар (әскери бөлім басшылығы) осы талаптарды елемей, орындамай отыр, - дейді Нұрдәулет Нұрбопаев.
Рашида Усманова екі жылда құзырлы мекемелерге ондаған шағым жолдаған. Әскери прокуратура оның атынан сотқа талап арыз да беріпті. Бірақ сот арызды қабылдамаған. Енді әйел бұл іске қорғаныс министрлігі араласып, еңбегіне лайықты зейнетақыға қол жеткізермін деп үміттенеді.
ЗЕЙНЕТАҚЫСЫЗ ЗЕЙНЕТКЕ ШЫҒУ
Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны 50 жастағы Рашида Усманова жергілікті 74/261 әскери бөлімінде 20 жыл байланысшы болып істеген. 2011 жылдың қараша айында зейнет демалысына шыққан әйел бүгінге дейін бір теңге де зейнетақы алмаған. «Төлем орталығының мамандары менің зейнетақы ісімнен қаржыға қатысты көптеген қателік тауыпты» дейді Рашида Усманова.
Әскери қызмет туралы заңға сәйкес әскери қызметкерлердің зейнетақы
Бұл ақшаны мемлекетке бір айдың ішінде қайтаруға болар еді. Ал біздің финансистер бұл шаруаны неліктен сағызша созғандарын білмеймін.