Қазақстан «Шекарасыз тілшілер» (RWB) ұйымының жыл сайынғы сөз еркіндігі рейтингінде 161-орында тұр. Пост-советтік елдер ішінде Қазақстан Өзбекстан мен Түркіменстаннан ғана жоғары тұр.
«Шекарасыз тілшілер» халықаралық баспасөз еркіндігін қорғау ұйымы ақпанның 12-сі күні жариялаған сөз еркіндігі рейтингінде Финляндия, Нидерланд және Норвегия көш бастап тұр. Ал баяндама авторлары «ақпараттық түнек елдері» деп атаған Түркіменстан, Солтүстік Корея және Эритрея тізім соңында тиісінше 178, 179, 180-орындарды иеленген.
Баяндама авторларының жазуынша, АҚШ, Орталық Африка республикасы мен Гватемалада сөз еркіндігі ахуалы нашарлаған. Сирия журналистерге ең қауіпті ел ретінде аталады. Ал Эквадор, Боливия, Оңтүстік Африка елдерінде жағдай сәл жақсарғаны байқалған.
Баспасөз еркіндігіне қатысты ахуалы жақсы постсоветтік елдер - Эстония (11-орын), Литва (32-орын), Латвия (27-орын).
«Шекарасыз тілшілер» ұйымының баспасөз еркіндігі рейтингінде биыл Орталық Азия елдерінің ішінде Қырғызстанның рейтингі 10 сатыға жоғарылап, 97-орынды иеленген.
«ТІС БАТПАЙТЫН» МҰНАЙЛЫ ЕЛДЕР
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы баяндамасында Қазақстан былтырғы индекспен салыстырғанда бір позиция төмен түсіп, 161-орынды иеленген.
Қазақстан, Түркіменстан, Өзбекстан (166-орын) және Әзербайжанды (160-орын) «Шекарасыз тілшілер» ұйымы сарапшылары «тіс батпайтын» елдер деп топтастырған. Баяндама авторлары бұл төрттікті «Бұлар - сөз еркіндігі ең көп шектелетін, бірақ мұнай мен газдың бай қорының арқасында халықаралық қоғамдастық қысымына онша көп түсе бермейтін бұрынғы советтік республикалар. Баспасөзі қатаң қадағаланатын, ал билікке бағынғысы келмеген журналистерін түрмеге қамайтын бұл елдердің үкіметтері өздеріне ешкімнің қысымы әсер етпейтіндей сезінеді» деп сипаттаған.
БИЛІК ПЕН РЕПРЕССИЯ САБАҚТАСТЫҒЫ
20 жылдан көп ел билеген озбыр әміршілер биліктен айырылғысы келмейді. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов совет заманынан бері билікте отыр.
«Шекарасыз тілшілер» ұйымы сарапшылары «тәуелсіздік алғалы Қазақстанда тұрақтылық болғанымен, көлеңкесінен қорқатын биліктің араны ашылып, елде жаппай бақылау орнатуға тырысуы тұрақтылыққа қауіп төндіреді» деп жазады.
2012 жылдың аяғы мен 2013 жылдың басында Қазақстандағы жетекші оппозициялық ақпарат құралдарының бәрі жабылды. Режимді ашық сынайтындардың көбі қудалауға немесе әкімшілік қысымға ұшырады.
Баспасөздегі кез келген плюрализмге қауіп төндіретін репрессивтік стратегияны Әзербайжан да ұстанып отыр. Ел астанасында ғана таратылатын негізгі оппозициялық газетке жабылу қаупі төнген. Тәуелсіз журналистер мен блогерлерді ұрып-соғу, ұрлап әкету, оларға қастандық жасау, арандату сияқты әрекеттер ұйымдастырылады.
20 жылдық озбырлықтан кейін Түркіменстанда бұқаралық ақпарат құралдары туралы жаңа заң қабылданып, плюрализм жарияланып, цензураға тыйым салынғанымен, жергілікті ақпарат құралдары жаппай қатаң бақылауға алынған, ал тәуелсіз журналистер шетелде орналасқан БАҚ-тарда астыртын жұмыс істейді.
Цензура үстемдік ететін Өзбекстанда 10 журналист пен белсенді блогер түрмеге қамалған. Олардың бірі - Мұхаммад Бекжановты 2013 жылы «Шекарасыз тілшілер» ұйымы марапаттады. «Эрк» газетінің бұрынғы редакторы әрі демократия күрескері 15 жылға жуық мерзімге сотталған. Кез келген ақпарат құралы қатаң қадағаланатын елде енді интернетке цензура енгізу жоспарлап отыр.
Бірақ мұнай мен газ қоры жоқ елдердің ақпарат құралдары да цензура мен қысымға ұшыраған. Беларусьте тәуелсіз журналистер «Еуропаның соңғы диктаторы» орнатқан режим мен оны насихаттауға қарсы күресіп келеді.
Елдегі жетекші тәуелсіз ақпарат құралдарының бірі лицензиясынан айырылған, ал шетелде құрылған «Белсат ТВ» сияқты тәуелсіз БАҚ бірнеше рет әкімшілік жазаға тартылады.
ЖІККЕ БӨЛІНУ ҚАУПІ
Постсоветтік аймақта Молдова (56-орын), Армения (78-орын), Грузия (84-орын) және Қырғызстан (97-орын) сөз еркіндігі ахуалы тәуір елдер ретінде аталған. Бұл төрттікке кіретін елдерде плюрализм бар, мемлекеттік цензура қатал емес деп есептеледі.
Бірақ түрлі топтардың қысымына түскен баспасөз саласы мен журналистік орта әлеуметтік тұрғыда жікке бөлінуге бейім. Кейбір ақпарат құралдардың өз қожайындары ұстанатын саяси бағыт-бағдар ығынан шыға алмауы редакторлық позиция тәуелсіздігі әлі де шектеулі дегенді білдіреді.
УКАИНАДАҒЫ «ЕРКІН ҚҰЛДЫРАУ»
Рейтинг авторлары Украина мен Тәжікстандағы сөз еркіндігіне қатысты жағдайды «белгісіздік» деп атайды.
2013 жылдың аяғында басталған саяси дағдарыс сөз еркіндігінің келесі жылғы рейтингінде Украина позициясына әсер етеді деген болжамдар бар. «Шекарасыз тілшілер» ұйымы сарапшылары Украина қоғамы «қызылт сары революция» арқылы жеткен баспасөз еркіндігі мәселесінде әлі де проблема жеткілікті деп санайды. Өйткені елдегі жетекші ақпарат құралдарының көбі билікке бүйрегі бұратын олигархтардың қолында, ал баспасөз өкілдеріне қарсы ұйымдастырылған зорлық-зомбылық әрекеттері жазаланбайды, билік немесе басқа да күштер тәуелсіз журналистерді қорқытып-үркіту арқылы тұқыртып алуға тырысады.
Тәжікстанда тәуелсіз ақпараттық сайттар жиі бұғауланып қалады. 2013 жылдың наурызында күшіне енген ақпарат құралдары туралы заң қағаз жүзінде ғана қалып, іс жүзінде бұл елде ештеңе өзгерген жоқ.