Skype-қа күмән айтыла бастады

Адам жанарына шағылысқан Skype эмблемасы. Берлин, 11 қаңтар 2011 жыл. (Көрнекі сурет)

Ақтаудағы сотта екі жыл бұрынғы Skype («Скайп») әңгімелердің мазмұны жария болды. Ал құқық қорғаушылардың ойынша, Skype «қауіпсіз байланыс құралы» деген атынан әлдеқашан айырылған.

Ақтауда Владимир Козлов, Серік Сапарғали және Ақжанат Әминовке қатысты өтіп жатқан сотта сарапшылар «Алға» партиясы белсенділері арасында 2010 жылғы 30 сәуірде Skype интернет байланыс құралы арқылы айтылған әңгімелерді талдады.

Сарапшы Әбішева «Skype-әңгімеде Қазақстан билігін күшпен құлату, ел арасына ірткі салу тәрізді жайттар талқыланғанын» айтты.

«ЖАНСЫЗДЫҢ ІСІ»

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин «Алға» партиясының жетекшісі Козловтың сотында Skype-тағы әңгімелердің мазмұны жария болғанын «партия арасындағы әлдебір жансыздың ісі» деп біледі.

– «Алғалықтар» арасында арнайы қызмет агенттерінің бірі болған деп ойлаймын. Олар Козловты әдейі солай жауап беруге бағыттаған, – дейді Вадим Курамшин.

Ол өз тәжірибесінде Skype әңгімелері тыңдалған оқиғалар бола қоймағанын, бірақ

Азаматтық белсенді Вадим Курамшин. Алматы, 31 тамыз 2012 жыл.

Gmail поштасы 2012 жылғы қаңтарда бұзылғанын айтты.

– Поштамдағы барлық кіріс және шығыс хаттар жоқ, оларды арнайы қызмет өкілдерінің мұрағаттық талқыға алғаны анық, – дейді азаматтық белсенді.

Вадим Курамшиннің пікірінше, қазақстандықтардың қай-қайсысы да жеке өміріне қатысты мәліметтердің таралмауына қатысты қорғанысқа зәру.

ҚОРҚУ МЕН ҚОРҚЫТУ

Ресейлік "Агора" аймақаралық құқық қорғау ассоциациясының президенті Павел Чиков 16 тамызда Ақтауда басталған, оппозициялық саясаткер Владимир Козлов, қоғамдық белсенді Серік Сапарғали мен мұнайшы Ақжанат Әминовтерге қатысты сот процесінде 2010 жылғы Skype әңгімелердің талқыға түскенін естігенде:

– Онда сіздердің чекистеріңіз бәрінен бұрын жеткен болды ғой, – деп таң қалды.

Оның сөзінше, Ресейдің федералдық қауіпсіздік қызметі 2011 жылы ғана шетелдік

Ресейлік құқық қорғаушы Павел Чиков. Астана, 26 тамыз 2012 жыл.

кодталған байланыс түрлерінің «мемлекетке жаппай қауіп тудыруы мүмкін» екенін айта бастаған.

Павел Чиковтың ойынша, биліктің «интернет ресурстарынан немесе әлдебір экстремистік топтан, мемлекеттік емес ұйымдардан қауіп төнеді» деп қауіптенуі – ел қамын емес, өз қауіпсіздігін ойлап қорқуынан.

Чиковтың сөзіне қарағанда, Ресей федералдық қауіпсіздік қызметі мен ішкі істер министрлігі қызметкерлері оның ұйымындағы адвокаттармен қызмет бабында сөйлескенде «Skype тыңдалады» деп ашық айтады.

SKYPE: «ДӘЛ СОЛАЙША ЫНТЫМАҚТАСА БЕРЕМІЗ»

Skype VoIP-телефония қызметін Microsoft компаниясы 2011 жылы мамырда сатып алған соң «Skype байланыс жүйесі болашақта саяси диссиденттер, түрлі

Көрнекі сурет.

қылмыскерлер, үкіметтің аңдуынан қашық жүрген басқа адамдар үшін қолайлы қарым-қатынас құралы болмай қалуы мүмкін» деген қауіп жиі айтыла бастады.

«Қауіпсіздік органдары Skype басшылығымен бірлесіп, желідегі құпия әңгімелер мен тағы басқа ақпаратты қалаған уақытта қолға түсіру жайлы мәселе көтеріп жатыр» дейді жаңа өзгерістен хабары бар кейбір мемлекеттік қызметкерлер мен осы саланың мамандары.

Skype сәл кешігіңкіреп жасаған мәлімдемесінде: «Skype Microsoft-тың иелігіне өткенге шейін де құқық қорғау органдарымен заң талаптары мен техникалық қажеттілігіне қарай әріптес болып келген. Дәл солайша ынтымақтаса береді» деп мәлімдеді.