Accessibility links

Қазақстан «Живой журнал» әлеуметтік желісіне тағы да тосқауыл қойды


Livejournal логосы.
Livejournal логосы.

Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық соты танымал блог-платформа саналатын «Живой журналды» (livejournal.com) Қазақстанға таратпау жөнінде шешім шығарды. Қазақстандық блогерлер мұның саяси астары бар деп біледі.


Қазақстандық интернет-пайдаланушылар бірнеше күннен бері «Живой журнал» блог-сервисін аша алмай, «тағы да уақытша кедергілер қойылған болар» деп ойлаған еді. Алайда бұл жолы ондай болмай шықты.

«ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМДІ НАСИХАТТАЙДЫ»

Мұның себебін сұраған сауалдарға Қазақстанның байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Twitter парағы арқылы: «Живой журнал» Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімінен жабылды» деп жауап берді.

Интернет пайдаланушылар шілденің 12-сінде шығып, 20-сынан бастап күшіне енген сот шешімін енді ғана білді. Астана қалалық
Қазақстандық белсенділер интернет ресурстарды реттеу туралы заңның қабылданғанына қарсылық ретінде мәжіліс спикері Орал Мұхамеджановқа осындай "сәлемдеме" жіберді. Алматы, 29 сәуір 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

прокуратурасының арыз-шағымы бойынша азаматтық іс қозғаған Сарыарқа аудандық соты «Живой журналдан» өзге тағы да он төрт интернет-порталдың үш айдан астам мерзімге дейін Қазақстанға таралуын тоқтату жөнінде шешім шығарыпты.

Сот шешіміне қарағанда, бұл сайттардың барлығы да – «Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері мен конституциясына қайшы келетін, сондай-ақ діни экстремизм мен лаңкестікті насихаттайтын, не болмаса оларға қолдау көрсететін шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері» екен.

LiveJournal Russia сайтының жетекшісі Светлана Иванникова Азаттық радиосының орыс қызметіне: «Біз сот шешімін көргеніміз жоқ, сондықтан кімді не үшін кінәлап отырғанын білмейміз. Билік бұл жөнінде бізге хабарласса, мәселені реттер едік. Қазір заңгерлеріміз шұғылданып жатыр» деп, компания атына Қазақстан тарапынан ресми түрде ешқандай шағым түспегенін жеткізді.

«ПРОБЛЕМА – БИЛІКТІҢ ӨЗІНДЕ»

Қазақстандық блогерлер «Живой журналға» қатысты сот шешіміне билік ықпал етіп отыр деп санайды. Олар «осы блог-платформада әр кездері Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің, қуғындағы банкир Мұхтар Әблязовтың Қазақстан билігінің кейбір әрекеттерін әшкерелейтін материалдарының жариялануы себеп болды» деген пікірге тоқтайды.

Алматылық блогер Қайыржан Берсүгіров «қазіргі уақытта мұндай тосқауылдарды айналып өту үшін қазақтандық интернет-пайдаланушылар жеткілікті тәжірибе жинап алды» дейді.

Ал Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Ұлттық сараптамалық ақпарат ресурсы» ұйымының төрағасы Дмитрий Бурминский «Живой журналды»
Қазақстандық интернет форумдардың біріндегі жарнама. Алматы, 2009 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстан билігі бұл жолы біржола жапқан болуы мүмкін деген пікір айтады.

– «Живой журналға» тыйым салғаннан зиян шегетін – «лаңкестер» де, оппозициялық саяси белсенділер де емес, негізінен сайттың қарапайым тұтынушылар. Лаңкестікпен күрескісі келетін билік «Живой журналдан» өзге «Майл.ру» мен Twitter, Facebook, Skype, «Однокласcники», «В контакте», «Мой мир» секілді «лаңкестік» идеяларды таратуға толығымен жарайтын әлеуметтік желілердің бар екенін білуі тиіс, – дейді ол.

Оның сөзінде қарағанда, билік «проблеманы «Живой журналдан» емес, өзінен іздегені дұрыс».

Қазақстандық интернет пайдаланушылар үшін «Живой Журнал» блог-платформасы 2008 жылдың қазан айында да жабылған болатын. Сол кезде де көптеген сарапшылар мұның себебін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің арасындағы тартыстардан іздеген еді.
XS
SM
MD
LG