Мұнай компаниясы жұмысшылардың талап-тілектерін «СМС арқылы» қабылдап жатқандарын мәлімдеді. Ал кейбір мұнайшылар ондай жоба жайлы естімегендерін айтты.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, сәуір айында басталған «бас директорға СМС жіберу» жобасы аясында жұмысшылардан жүзден астам хабарлама келіп түскен. Хабарламалардың басым бөлігін «Өзенмұнайгаз» жұмысшылары жіберіпті.
КЕЗ КЕЛГЕН СҰРАҚҚА - МЕРЗІМДІ ЖАУАП
Компанияның Азаттыққа жіберген жауабында «Жоба 2012 жылы сәуірдің 13-і күні басталған еді. Қазіргі кезде бас директорға «Өзенмұнайгаз» бен «Ембімұнайгаз» компанияларының жұмысшылары хабарлама жібере алады. Жоба басталғалы бері жүзден астам хабарлама келіп түсті. Ең көп хабарлама «Өзенмұнайгаз» жұмысшыларынан келді. Сұрақтардың көбісі әлеуметтік сипатта: жұмысқа орналасу мәселелері, көмек қарыздың бөлінуі, баспана т.б» деп жазылған.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының «бас директорға СМС жіберу» жобасын бастағанын, ол бойынша кез келген жұмысшы басшылыққа сұрақтар жолдай алатыны туралы ақпарат тараған еді. Хабарламалардың «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясының басшысы Алик Айдарбаевтың телефонына тікелей түсетіні туралы да жазылды.
Компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, жұмысшылардан түскен «хабарламаларды қоғаммен байланыс бөлімінің мамандары қабылдап, өңдейді». Мұнан соң «департамент бас директормен келісе отырып, жауаптар дайындайды». Сұрақтарға жауап «СМС хабарлама ретінде де беріледі».
Компанияның жауабында «Жобаның мақсаты компаниядағы ішкі коммуникацияны жақсартып, басшылық пен жұмысшылар арасында тұрақты байланыс орнату екені; әрбір қызметкер кез келген сұрақты қойып, белгіленген мерзімде жауап ала алатыны» да жазылған.
Компания мамандарының айтуынша, жоба туралы ақпарат және бас директордың телефоны айына екі рет шығып тұратын ұжымдық «Мұнайлы мекен» газетінде жарияланады.
ЖҰМЫСШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖОБА МЕН МҰНАЙШЫЛАР
Есімін айтпаған «Өзенмұнайгаз» компаниясының жұмысшысы бұл жоба жайында естімеген.
– Естімеген екем. Біз қарапайым жұмысшымыз ғой. Өздері арасында айтып кетіп жатқаны болмаса. Егер «Өзенмұнайгаздың» өзіне келсек, олар проблеманы уақытында шешіп жатыр. Оған дау жоқ, - дейді жұмысшы.
Жобаның ұжымдық газетте жарияланғанын айтқанымызда ол:
– Енді ол хабарландырудың газетте бар-жоғын айта алмаймын. Негізі сменада жұмыс жасаймын. Оларды көріп те жатқан жоқпын. Кешке келесің. Ертеңгісі кетесің. Кешке қайта келесің. Қайтадан шығып кетесің. Болды, - дейді жұмысшы.
Ол сөз арасында Азаттық тілшісі хабарласқан сайын жарты сағаттан соң, Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінен де хабарласып, тілшінің «не сұрағаны» туралы тергейтінін айта кетті.
«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» компаниясына қарасты «Жөндеу» кәсіпорны мұнайшыларының кәсіподақ жетекшісі Дәулет Қосанов бұл жоба жайында естіген, бірақ хабарлама жіберіп көрмеген. Айтуынша, бұл жоба туралы «Мұнайлы мекен» газетін оқитын барлық жұмысшылар білуі тиіс.
– Өз басым ешқандай сұрақ жіберген жоқпын. Жібердім деген адамды да көрген жоқпын. Негізі ішкі жақта басшылардан кім қателік жіберіп жатыр - сол сияқты мәселелерге байланысты ғой. Анонимді түрде. Менің ойымша, бұл жұмысшылар үшін керек деп есептеймін. Жақсы ғой, - дейді Дәулет Қосанов.
«ЕГЕР СМС ЖОҒАРЫ ЖАҚТА ОҚЫЛЫП ОТЫРСА...»
«Өзенмұнайгаз» компаниясындағы цехтардың бірін басқаратын, есімін айтпаған қызметкер:
– Газетке шыққан еді. Бірақ дұрыс оқымадым. Әйтеуір, Айдарбаевпен сөйлесуге болады деп жазып жатқан. Басқасын білмеймін. Өзім СМС дегенді жазуды білмеймін. Керек болған кезде басшылыққа тікелей кіріп немесе хабарласып жүрмін. Ал жұмысшыларға қаншалықты керек екенін білмеймін, - деді.
«Егер бұл жоба былтыр жүзеге асырылған кезде мұнайшылардың еңбек дауы шешіліп, Жаңаөзен оқиғасы болмас па еді? Қалай ойлайсыз?» деген сұрағымызға кейбір мұнайшылар нақты жауап бере алмайтынын айтты.
«Жөндеу» кәсіпорны мұнайшыларының кәсіподақ жетекшісі Дәулет Қосанов «Егер СМС жоғары жақта қадағаланып, қаралып, оқылып отырса, пайдасы тиер еді» деді.
Бұған дейін саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов бұл мәселеге қатысты:
«Ешбір СМС және әңгімелер Жаңаөзендегі жанжалды шеше алмас еді. Компанияның басшылығы басынан бастап мұнайшылардың проблемасын білді. Тек шешім қабылдау керек болатын. Бірақ ешкім де жауапкершілікті мойнына алғысы келмеді. Міне, содан қанды оқиға болды» деген еді.