Күйеуі абақтыда отырған Тамара Ерғазева үш күнге қамалды. Бұл туралы Азаттық тілшісіне наурыздың 15-і күні таңертең Жаңаөзендегі мұнайшылардың әйелдері хабарлады.
Тамара Ерғазева наурыздың 14-і күні Ақтауда қамауда жатқан күйеуімен кездескен болатын. Ерғазевамен кешке қарай Жаңаөзенге бірге қайтқан Гүлнар Досованың айтуынша, Атырау уақытымен кешкі сағат 9-ға таман Жаңаөзен қаласына кіре берісте оны полиция тоқтатып, алып кеткен.
- Постта қалаға кіріп жатқан машинаның бәрін тоқтатып жатыр екен. Бізді де тоқтатты. Тамара есігін ашып, далаға шығып еді ғой. Азаматтық киімдегі екі адам қызметтік куәліктерін көрсетті. Тамараға «Не боп қалды?» деп едім «Милиция ғой»
Оның айтуынша, түнгі сағат 11-ге жақын Тамара Ерғазеваның баласы екеуі Жаңаөзен полициясына барып, онымен кездеспек болған.
- Полицияға барсақ, оны «наркологияға (диспансерге - ред.) алып кетті. Қазір алып келеді» деді. Содан жарты сағаттай күттік. Сосын келді. Баласы сөмкесін алды, біз күтіп тұрдық. Тамара қасымызға келіп «Мені үш күнге қамап жатыр. Таңертең келіп хабарласарсың» деді», - дейді Гүлнар Досова.
Наурыздың 15-сі күні Жаңаөзен қалалық ішкі істер басқармасына хабарласқанымызда өзін Арай Изембергенова деп таныстырған қызметкер басқа бір телефонға хабарласуды өтінді. Алайда ол телефонның тұтқасын алған, өзін «кезекші Өмірғалиев» деп таныстырған қызметкер «ешқандай ақпарат бермейміз, бере алмаймыз да» деді.
Жаңаөзен тұрғыны Дәмелхан Жарылғасынованың айтуынша, Тамара Ерғазеваны «үнпарақ таратқаны үшін» қамауы мүмкін. Оның айтуынша, кеше күйеулері қамауда отырған барлық әйел айыптау қорытындысымен танысқан. Қағазды оқып
Наурыздың 14-і Жаңаөзенде 20 әйелге Ақтау абақтысында Жаңаөзен оқиғасы бойынша қамауда жатқан күйеулерімен кездесуге рұқсат берген болатын.
Жаңаөзен бойынша істі қарау 27 наурызда басталады.