Орыс православ шіркеуінің дьяконы Андрей Кураев шіркеу ішіндегі «гейлер ықпалын» әшкерелегеннен кейін қуғынға ұшырады. Оны Мәскеу рухани академиясынан шығарып жіберді.
Діни қызметкер Орыс православ шіркеуінде «гейлер лоббиі» бар деп мәлімдеген еді. Енді ол «осы мәлімдемем үшін шіркеу барлық діни дәрежемнен айырады» деп қауіптеніп отыр.
ХОДОРКОВСКИЙ МЕН PUSSY RIOT-ТЫ ҚОЛДАЙТЫН ДЬЯКОН
Орыс православ шіркеуінің дьяконы Андрей Кураев Мәскеу рухани академиясында дәріс оқып келген. Бірақ ол шіркеу беделіне нұқсан келтіретін мәлімдемелер жасап тұрады.
Гомосексуализмді шіркеу ауыр күнә қатарына жатқызады. Оның үстіне шіркеу қазір Кремльдің гомосексуалдарға қарсы науқанына көмектесіп отыр.
Кураевтың радикалды мәлімдемелері көбінесе Мәскеу патриархатының ресми позициясына қарсы келіп жатады.
Ол өзінің антисемиттік мәлімдемелерімен де танымал. Кураев жақында амнистиямен түрмеден босаған бұрынғы мұнай магнаты, Кремльдің қарсыласы Михаил Ходорковскийді қолдап келді. Мәскеудегі православ соборында Путинге қарсы өлең айтқан Pussy Riot тобы мүшелерін түрмеге қамауға да қарсы пікір білдірген.
Бірақ оның ойынша, «қуғын көруінің себебі - Орыс православ шіркеуінің ішіндегі «гейлер ықпалымен» күресуі».
Кураев Мәскеу рухани академиясынан желтоқсанның 31-і күні шығарылған. Академия бұл шешімін «оның мәлімдемелері мен арандатушылығына шыдамайтындықтарымен» түсіндіреді.
Ал Кураев Азаттыққа «қуғынның мұнымен бітпейтінін» айтып:
– Мен тіпті діни дәрежемнен де айрыламын ба деп қауіптенемін, - дейді.
КҮТПЕГЕН РЕАКЦИЯ
Кураевты Орыс шіркеуіне «әкелген» бұрынғы патриарх Алексий II еді. Ол 2008 жылы қайтыс болды. Кураев қазіргі патриарх Кирилдің «оның аузын жаба алмайтынын» айтады.
Кураев өзіне жасалған қуғынды шіркеу ішіндегі «гейлер ықпалынан» көреді.
– Бұл - өте ықпалды топ. Мүшелері Синодта (Орыс православ шіркеуі патриархы жанындағы кеңес беруші орган – ред.) жоғары лауазымдар иеленіп отыр. Ең жаманы – олар шіркеудің кадр саясатына ықпал етіп келеді, - дейді ол.
Кураевты академиядан шығару ашындыра түскен сияқты. Ол қазір өзі айтқан «гейлер тобына» ақпараттық шабуылын үдете түскен.
Кураев интернеттегі блогы арқылы «православ діни қызметкерлерімен жыныстық қатынасқа түскен адамдардың» әңгімесін жариялауға кірісті.
Кураевтың ресейлік «Живой журнал»- дағы (LiveJournal) блогы оқылуы және танымалдығы жағынан 37-орынға шықты. Шіркеуге келушілер мен діни қызметкерлер арасында да жақтастары көп.
Кураев шіркеудегі гейлер ықпалымен күресудің тиімді тәсілін таппағанын, бірақ оның Орыс православ шіркеуін «гейлерден» тазарту әрекетін діни қызметкерлердің көбі қолдап отырғанын айтады.
- Маған өте көп хаттар келеді. Қоңырау шалып, мені қолдайтынын айтатындар да көп. Тіпті епископтар хабарласып жатыр. Мен тек көпшіліктің пікірін жеткіздім деп ойлаймын, - дейді ол.
ТАТАРСТАН СЕМИНАРИЯСЫНДАҒЫ ОҚИҒА
Кураевтың айтуынша, «гей діни қызметкерлерге қарсы науқанды бастауына себеп болған дүние – патриархаттың Татарстан семинариясында дәріс оқып жүрген ұстазға «оқушыларды бұзды» деген айып тағуы және оны жұмыстан шығарып жіберуі».
Ол өзіне қарсы «мұншалық қысым жасалады» деп ойламаған.
– Мен патриархияға сендім. Гейлерге қарсы күреседі деп ойладым. Патриархия Қазан (Татарстан) семинариясына комиссия жіберді. Комиссия семинарға қатысқандардың шағымын ескерді. Оқушыларға қол жүгірткен проректор қуылды. Мұны мен патриархия шіркеудегі гейлер мәселесіне назар аудара бастады деп ұқтым. Бірақ патриархия мәселені түбегейлі шешуге кірісті деген ойым қате болып шықты, - дейді Кураев.
(Мақаланы әзірлеуге Клэр Бигг және Андрей Шарый қатысты)