Украина парламенті конституцияға президенттің өкілетін шектейтін өзгерістер енгізуге келісе алмай, сессиясын аяқтады.
Оппозициялық депутаттар мемлекетті басқарудың парламенттік-президенттік жүйесін енгізетін бұрынғы конституция жобасын қалпына келтіру туралы ұсыныстарын өткізе алмады.
Оппозициялық "УДАР" партиясының жетекшісі Виталий Кличко 4 ақпанда Украина президенті Виктор Януковичпен кездескенде "жағдай ушығып бара жатқанын" айтып, президенттің "жедел шешім қабылдауын" талап еткенін айтқан еді.
Украинадағы дағдарысты саяси жолмен реттеуге көмектесу үшін Еуропа Одағының сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштон Киевке жуықта тағы да бармақ. Кэтрин Эштон Украинаға бұған дейінгі сапарында елдегі
арлық қарсы тараптарды "нақты диалог орнатуға" шақырған еді. Киевке президент Виктор Януковичпен және оппозиция жетекшілерімен келіссөздер жүргізуге келген Эштон "Қай жақтан шықса да, зорлық-зомбылық тоқтатылуы тиіс" деген.
Украинадағы ахуалға Еуропадағы "Вишеград тобы" деген атпен белгілі төрт ел - Чехия, Венгрия, Польша және Словакия да алаңдаушылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Төрт елдің премьер-министрлері 29 қаңтарда Будапештегі кездесуде бірлесіп жасаған мәлімдемесінде Украинада зорлық-зомбылықтың басылмай отырғанын айтып, саяси дағдарыстың бұдан ары шиеленісуі "Украинаның болашағына қауіп төндіріп, елді тұтас тұрақсыздық жайлауына әкеп соқтырады" деп ескерткен.
Төрт ел басшылары Украинадағы оқиғаларда "экстремистік топтардың да араласып отырғанына" алаңдайтындарын айтқан. Олар "шынайы әрі мағыналы диалог қана дағдарыстан шығу жолын көрсете алады" дейді.
Украина басшылығын әрекетін Канада да сынаған еді. Ол ел үкіметі Украинаның жоғары шенді шенеуніктерінің елге кіруіне тыйым салатынын жариялаған.
Канаданың азаматтық және миграция істері министрі Крис Александердің мәлімдеуінше, тыйым Украинадағы наразылық акцияларын басып-жаныштауға қатысы бар тұлғаларға салынады. Оның сөзіне қарағанда, Канада "еркіндік пен демократия жолында батыл және ашық күресетін украин халқын қолдай береді".
Крис Александердің мәлімдемесін Канада сыртқы істер министрі Джон Бэрд те қоштап, Киевке жаңа санкциялар салынуы мүмкін екенін ескертті.
Бұған дейін АҚШ та Украина билігіне шерушілерді басып-жаныштау тоқтатылмаса, санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен.
Украинада Еуропа Одағымен саяси және экономикалық әріптестік орнатуды жақтаушылар шеруінің басталғанына екі ай толды.
Бұл қарсылықтың соңғы апталарда ерекше өршуіне Украина парламентінің шерулерге тыйым салатын, оппозицияшыл депутаттарды жазалайтын, сөз бостандығына тосқауыл қоятын заң жобасын мақұлдағаны, оны президент Виктор Януковичтің бекіткені түрткі болған. Қаңтардың 28-і күні оппозициялық күштердің талап етуі бойынша Украина парламенті азаматтық бостандықты шектейді деп сыналған 12 заңның 9-ынан бас тартты.