Жаңаөзендегі «МұнайФилдСервис» компаниясы жұмысшылары жалақы көбейтуді талап етіп, ереуілге шығатындарын ескертті. Ескертуден соң компания басшысы орнынан кетіп, келіссөз басталды.
Маңғыстау облысының Шетпе стансасындағы теміржол жөндеушілері ұжымдық шарт талаптарының орындалмағанына наразы. Басшылық өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарады.
«ӨзенМұнайГаз» компаниясына кәсіподақтар жаңа ұжымдық келісім-шартқа қол қойды. Белсенділер жаңадан жұмысқа тұрған мұнайшылардың кәсіподаққа кіруден тартынатынын айтады.
Маңғыстаудағы Теңге ауылында Жаңаөзен құрбандарына ас беріліп, қатым түсірілді. Жаңаөзен полициясы ас қарсаңында кейбір адамдарды бірнеше сағат ұстағаны туралы ақпаратты жоққа шығарады.
Қара жамылған отбасылар «Жаңаөзен оқиғасы» туралы баяндауға сирек келіседі. Толқу кезінде өлген марқұм Бекежан Дүйсебаевтың жесірі екі жыл бұрын қандай хал кешкендерін Азаттыққа айтып берді.
Жаңаөзендік белсенділер орталық алаңда қаралы жиын өткізу туралы өтініштеріне рұқсат етілмегенін айтады. 2011 жылғы қанды оқиға құрбандарына қала маңындағы Теңге ауылында ас берілмек.
Белсенділердің адам құқықтары туралы презентациялар мен қарапайым азаматтарға кеңес беру шарасын өткізуден жалға алынған ғимарат иесі соңғы сәтте бас тартқан.
Жаңаөзенде астан улану салдарынан екі жұмысшы қайтыс болды. Әзірге улану себептері жайлы нақты айтылмайды.
Қазанның 10-ы күні Атырауда «терроризм» айыбымен 9 адам сотталды. Арасында кәмелетке толмаған екі бала бар. Адвокаттар «сотталушылар айыптарын ішінара мойындады, айғақтан аса алмадық» дейді.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев онлайн-конференция кезінде салтанатты түрде ашқан тағы бір жоба – планшет өндіреді деп таныстырылған «Аққу» зауыты іс жүзінде жоқ болып шықты.