«ӨзенМұнайГаз» компаниясының қарамағындағы мекемелердің кәсіподақ төрағалары алдағы үш жылға бекітілетін ұжымдық шартты талқылаған жиналысқа Азаттық тілшісі де қатысты.
Сайын Әбішев – осы компания құрамындағы «УОС-1» мекемесінің кәсіподақ ұйымы төрағасы. Оның айтуынша, мұнайшылар жаңа ұжымдық шартқа оннан астам өзгеріс енгізіп отыр. Жаңа талап-тілектердің ішінде зейнет жасына толмаса да, ерлер – 60, әйелдер – 55 жасында өз еркімен, денсаулық жағдайына байланысты зейнет демалысына шықсын деген ұсыныс бар. «УОС-2» кәсіподақ төрағасы жұмыс берушіден мұнайшылардың бұрыннан бекітілген ресми мереке күндері қатарына Астана күнін де енгізіп, мерекелік сыйақыны көбейтуді сұрады.
- Мүгедек болып қалған немесе мүгедек балалары бар мұнайшыларға, денсаулығынан айырылғандарға берілетін жәрдем көлемін көбейту, денсаулық орталықтарына жолдама санын көбейту тәрізді әлеуметтік жағдайды жақсартуға мүмкіндік беретін мәселелер қамтылды, - деді ол Азаттыққа.
«БҰҚПАНТАЙЛАП ҚОРЫҚПАЙМЫЗ»
«ӨзенМұнайГаз» мекемелерінің кәсіподақ белсенділері Азаттық тілшісіне желтоқсанның 13-і күні бекітілген ұжымдық шарттың осыған дейін қабылданбай келуіне себеп болған жайттарды айтты. Кәсіподақ белсенділері «ӨзенМұнайГаз» компаниясы ұсынып отырған жалпы әлеуметтік игіліктерді кәсіподаққа мүше емес мұнайшылардың да кәсіподақ жарнасын төлемей-ақ пайдаланып жатқанына қарсы. Сол себепті жаңа ұжымдық шарт бойынша олар кәсіподаққа мүше мұнайшылардың әлеуметтік жеңілдіктер иеленуде қандай да бір артықшылықтары болғанын қалайды. Олардың сөзінше, компания заңгері бұл ұсыныспен келіспейді.
Азаттыққа комментарий берген «ӨзенМұнайГаз» компаниясының заңгері Назар Әбішев бұл тұрғыда күрделі мәселе барын жоққа шығарады. Оның түсіндіруінше, кәсіподаққа кірмеген жұмысшылардың жеңілдіктерді пайдалану мәселесін арнайы комиссия шешеді.
- Мұндай мәселе жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы комиссия арқылы шешіледі. Кәсіподаққа кірсе немесе кірмесе қандай мүмкіндікке ие болатыны туралы жұмысшылармен толық келісілген. Кәсіподаққа кіру-кірмеу әркімнің өз шаруасы. Біз ешкімнің құқығына араласа алмаймыз. Бірақ жаңадан кіріп жатқан азаматтар да көп емес, - деді Назар Әбішев.
Азаттық тілшісі «кәсіподаққа мүше болғысы келмейтін» «ӨзенМұнайГаз» жұмысшыларымен кездесуге талаптанғанымен, оларды жолықтыра алмады. Компания кәсіподақ ұйымының төрағасы Наурыз Сақтағановтың сөзінше, көбіне Жаңаөзен оқиғасынан соң жұмысқа қабылданған адамдардың «кәсіподаққа кіргісі келмейді». Сақтағанов соған қарамастан кәсіподақтардың белсенділігі азаймағанын айтады.
- Компанияда кәсіподақ едеуір күш алды. Қазір Астанада болсын, министрлікте, я ұлттық компанияда болсын басшылармен тең дәрежеде сөйлесе аламыз. Бұқпантайлап қорықпаймыз, айтқан талап пен сөзге құлақ астыруға қол жеткіздік, - деді ол Азаттыққа.
«ӨзенМұнайГаз» компаниясына қарасты мекемелердің кәсіподақ басшылары «ұжымдық шартты барлық мекемелерде талқыладық» дегенмен Азаттық тілшісі ұжымдық шарт туралы естімеген мұнайшыларды да кезіктірді.
Жаңаөзен оқиғасы кезінде жараланған мұнайшы Нұрлыбек Нұрғалиев ұжымдық шарт өзі жұмыс істейтін мекемеде талқыланбағанын айтты.
Мұнайшының сөзінше, Жаңаөзен оқиғасының екі жылдығының қарсаңында кәсіподақтар арқылы шипажайларға жолдама ұсынылған.
- 2011 жылы жәбірленгендерді жаппай «Ессентуки» және басқа да курорттарға жіберіп жатыр. Ауа-райы қолайлылау жаз, не күздің күндері қайда қалған? - деді ол Азаттыққа.
ЖҰМЫСҚА АЛУҒА МОРАТОРИЙ ЖАРИЯЛАУ
Кәсіподақ төрағаларымен сұхбаттасу кезінде Азаттық тілшісі жиі естіген тағы бір мәселес – былтыр жарияланған «ӨзенМұнайГазға» жұмысқа қабылдауды уақытша тоқтатқан мораторий болды. Қаладағы ең ірі жұмыс берушінің бұл саясатына мұнайшылардың барынша қарсы екені байқалады.
«УОС-2» мекемесі кәсіподағының төрағасы Совет Төкенов жұмысқа алуға мораторий жариялай тұра компанияның кейбір жобаларды іске асыру кезінде
жұмыс күшіне мұқтаж екені көрініп тұрады деп санайды.
- Мәселен, Жаңаөзеннің қасындағы Кендірлі демалыс орнындағы құрылыс нысанын 200-ге ғана тарта адам салып жатыр. Құрылысқа жауапты компанияның тендерден алған ақшасын игере алмай жатқанынан да хабарымыз бар. Сондықтан билікке ол жерден де қосымша жұмыс көзін ашуды, жергілікті компаниялар мен адамдарды тартуды талап етіп жатырмыз, - деді ол Азаттыққа.
Азаттық тілшісі мораторийге қатысты компания басшылығына бірнеше мәрте хабарласқанмен жауап ала алмады. «ӨзенМұнайГаз» компаниясының қоғаммен байланыс департаменті бастығының орынбасары Мұхамберді Суитов «бұл мәселеге қатысты бас директордың кадр және әлеуметтік сұрақтар бойынша орынбасарына хабарласу» керектігін айтса, аты аталған қызмет иесі орнында жоқ болып шықты.
Жаңаөзенде қосымша жұмыс орындарын ашуға қатысты жергілікті Lada.kz сайтына сұхбат берген Жаңаөзен әкімі Серікбай Тұрымов: «Халықтың көпшілігі «ӨзенМұнайГазда» жұмыс істеп, мұнайшы болғысы келеді. Бірақ бұл мекемедегі жұмыс орны санаулы. Бәрін сонда орналастыру мүмкін емес. 2013 жылдың соңына қарай қаладағы жұмыссыздар саны 1,7 пайыз болды, яғни 900-ге тарта адам деген сөз. Басқа моноқалалармен салыстырғанда соншалықты жаман емес» деген.
2011 жылғы Жаңаөзен қаласындағы 7 айға созылған ереуіл кезінде қойылған басты талаптардың бірі – 2010 жылы қабылданған ұжымдық шартты қайта қарау, жалақы төлеуде салалық және аудандық коэффициенттерді енгізу болатын. Жаңаөзендік мұнайшылардың ереуілі 2011 жылғы желтоқсанның 16-сы күні оларға полицияның оқ атуына ұласып, 17 адам мерт болған еді. Кейін «Жаңаөзен ісі» бойынша «жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды» және «өкілетін асыра пайдаланды» деген айып тағылған 30-ға жуық мұнайшы, бірнеше полицей мен жергілікті шенеунік сотталған еді.
Мұнайшылардың Азаттыққа айтуынша, осы жолғы жаңа ұжымдық шарт жасау келісімін талқылау кезінде жалақы есептеудегі коэффициент туралы мәселе мүлдем көтерілмеген.
Ресми статистикалық дерек бойынша, Жаңаөзенде 128 500 адам тұрады. Олардың 50 100-і жұмысқа жарамды. Шамамен 16 000 жаңаөзендік мұнай өндіру саласында еңбек етеді. Мұнайшылардың орташа айлығы 150 – 200 мың теңге аралығында.
(Мақаланы әзірлеуге Мақпал Мұқанқызы қатысты)