Қостанайдың қазақшасы қисайып, жарнамалары жаңылтпашқа айналғаны Азаттықтың сайтында жазылған еді. Облыс орталығында мемлекеттік тілдің емес, ресми тілдің үстемдігі көшелерде де, мекемелер мен кәсіпорындарда да, оқу орындарында да “мен мұндалап” тұр.