Батыс елдері Ауғанстанда 20 жыл бойы тәліптерге қарсы күресіп, елге түрлі көмек көрсетті. Бірақ қазір билікке тәліптер келіп, осыған дейінгі жетістіктердің жойылу қаупі төнді. Сарапшылар ауған қоғам қандай жетістікке жеткенін, оларды сақтап қалу ықтималдығының қандай екенін айтты.
26 тамызда Ауғанстанның Кабул әуежайының сыртында екі жарылыстан 170 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды. Шабуылды "Ислам мемлекеті" экстермистік ұйымына кіретін "Хорасан" тобы мойнына алды. Бұл қандай топ? Ол жайлы не білеміз?
"Талибан" қозғалысының негізін қалағандардың бірі, қозғалыстың ең танымал мүшесі молла Абдул Ғани Барадар Ауғанстанды басқаруда маңызды рөл атқаруы мүмкін.
Тәжікстанға бас сауғалап қашқан ауған сарбаздарының кейбірі Ауғанстанда қалып, тәліптермен соғысу қайғылы жағдаймен аяқталар еді дейді. Олар мұны Азаттықтың Тәжік қызметіне айтты.
Иранда өзгеше ойлайтын әйелді түрмеге қамайды. Абақты басшылығы ондай әйелдің ерік-жігерін жаншып, сағын сындыру үшін үнемі зорлық-зомбылыққа жүгінеді. Clubhouse әлеуметтік желісінде осы жайлы жазған құқық қорғаушы Наргес Мохаммади түрмеде басынан өткен жайтты баяндаған.
Сарапшылар АҚШ Ауғанстаннан әскерін әкетсе, Иранның аймақтағы ықпалы күшейетінін айтады. Бірақ мемлекетте бұрқ ете түсуі мүмкін кез келген озбырлық Тегеранға қиындық туғызып, соның салдарынан Иран жағдайды уысынан шығарып алуы да ықтимал.
Иранда биліктің халықты парламент сайлауына жаппай дауыс беруге шақырған үндеуіне қарамастан, 1979 жылғы Ислам революциясынан бері ең аз көрсеткіш тіркелді.
Шілденің соңынан бері Иранның ірі қалаларында билікке қарсы шеру өтіп жатыр. Көшеге шыққан ирандықтар елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауына, қымбатшылыққа және ұлттық валюта риалдың құнсыздануына наразы.
Ирандағы университет оқытушылары мен басқа да азаматтар студенттерді жаппай қудалауды сынға алып, ондаған студент пен белсендіні тұтқындап, түрме жазасына кескен билікке наразылық білдірді.
"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы қатарына ирандықтарды көбірек тартуға тырысып жатыр. Олар, әсіресе, шииттер көп тұратын Иранда азшылықты құрайтын сунниттерге бағытталған парсы тіліндегі пропаганданы көбейткен.
Иранның консерваторлық ұстанымдағы сот шенеуніктері президент Хассан Роуханидің өткен сайлауда ақшаны қайдан алғанын қаузады. Роухани қаржы төркінін ашып көрсетуге әзір екенін мәлімдеп, сот жүйесінен де сондай қадам күтетінін айтқан.
Екі қыздың анасы Әмина Әлиеваның үшінші перзентінің де қыз болатыны анықталған соң жақындары әйелді жасанды түсік арқылы құрсағындағы баладан құтылуға көндірген.
Иранда күнделікті шығатын Shargh газеті о дүниелік болған дінбасының суретінен оның қолындағы шылымын алып тастағаны үшін әлеуметтік желі қолданушыларының сынына ұшырады.
Ираннан жеткен ақпаратқа сүйенсек, Тегерандағы Сауд Арабиясы елшілігіне жасалған шабуыл үшін кез-келгенді жауапқа тартуға болады.
Иранда маусымның 14-інде өтетін президент сайлауына кандидаттарды тіркеу жалғасып жатыр. Сарапшылар ақтық шешімді айтатын рухани жетекші аятолла Хаменеи кімді қолдауы мүмкін деп бал ашады.
Халықаралық деңгейдегі конференцияда ирандық дипломат еркек пен германиялық саясаткер әйел бір-бірімен алақандарын тигізіп амандасқан сәт эфирден көрсетілген соң жанжал басталды.
Тағы