Кинотанушы, журналист. Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі. Орталық Азияның мәдениеті мен интеллектуалдық тарихы, деколонизация және феминизм тақырыптарында қалам тербейді.
Режиссер Данияр Саламаттың Бейімбет Майлин әңгімелеріне негізделген "Талақ" жобасы көп жылдық кідірістен кейін былтыр "Ұлттық киноны қолдау орталығының" қолдауына ие болған. Биыл Шанхай халықаралық кинофестивалінде бас жүлде алды. Кинотеатрларда әлі көрсетіліп жатқан фильм жайлы түрлі пікір көп.
Қазіргі қазақ киносы ойсыздығы мен тойшылдығы, жасандылғы мен керітартпалығы үшін cыналып жүр. Бірақ ара-тұра экранға қазақтың ұлттық болмысы, мінез-құлқы туралы ойлануға шақыратын ойлы дүниелер де шығады. Сол тұрғыда биыл кинотеатрларға жол тартқан үш фильмге шолу ұсынамыз.
Мағжан Жұмабаев десе алдымен оның ұлтшылдығы, күрескерлігі мен махаббат лирикасы еске түседі. Оның әйел теңдігі туралы шығармаларын совет идеологиясының тар шеңберінде суреттейтіндер де бар. Патриархал қоғамда өмір сүрген ақынның феминистік идеалдарына, ол ұмтылған әйел теңдігіне көз салып көрейік.