Ресейдің Украинаға басып кіргеніне 3 жыл болды. Батыс елдерінің басшылары Киевте бас қосты. Қазақстанда Украинаны қолдайтындар азая түскен дейді зерттеушілер. Шын ба? Алматыда жалғыз өзі ғана пикет өткізген ресейлік азаматты полиция ұстап әкетті. Ал бір топ адам украин ақыны ескерткішіне гүл қойды.
Соғыстың төртінші жылы басталарда Азаттықтың Алматы мен Астанадағы тілшілері халық пікірін білмекке көшеге шықты. Журналистер қала орталығында өткен-кеткен адамдардан Украинадағы соғыстың барысын бақылап отырсыз ба, соғыс туралы ойыңыз қалай өзгерді деп сұрады.
Мемлекеттік аудит Назарбаев Университеті 73 миллиард теңгені "тиімді пайдаланбады", бұған қоса 500 млн теңге көлеміндегі қаржыға қатысты заң бұзылған деп отыр. Оқу орнының экс-президенті Шигео Катсу қазіргі басшылықты айыптады. Басшылықтан жауап талап еткен студенттер қуғын көріп жатқанын мәлімдеді.
Азаттық радиосы Украин қызметінің фотожурналисі Сергей Нужненко өз еліндегі соғыстан үш жыл бойы хабар таратып келді. Оның соғыс кезінде түсірген 32 суретін назарыңызға ұсынамыз.
Тағы