24 ақпан түнде Ресей мен Украина бір-біріне дрон жаудырды, жараланғандар бар. Ал БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі жиынында АҚШ Ресейді соғысқа кінәлі деп айыптайтын қарарға қарсы дауыс берді. Франция президенті Эммануель Макрон мен АҚШ президенті Дональд Трамп Украина мәселесі жөнінде сөз таластырды.
Ресей Украинаға басып кіргенде Қазақстанда құрылған «Еркіндік періштелері» қоғамдық қоры Украинаның бірнеше облысындағы мектептер мен балабақшаларды жөндеп, бомбапаналарға қажет жабдық пен жиһаз жеткізіп жүр. Екі жарым жылда еріктілер Украина солтүстігіндегі Чернигов облысындағы он нысанды жөндеген.
2022 жылы сәуірде Азаттық тілшісі Вера Гирич Киевте қаза тапты. Ол тұрып жатқан үйге Ресей зымыраны түсті.
Тағы