Европалық комиссия Европа елдерінде көптеген фирмалардың адам денсаулығына қауіпті татуировка жасайтындығына ескерту жасады. Евро одақтың денсаулық сақтау істері жөніндегі мекемесінің мәліметтерінде, осылай денеге белгі немесе сурет салатын процедураларда санитарлық ережелер көп ескерілмей, СПИД және басқа жұқпалы аурулардың таралуына жол беріледі делінген. Евро Комиссия Европа елдерінің заңдарында татуировка жасайтын құрал жабдықтарға қажетті талаптар қаралмағанын нақтылап отыр. Жыл басынан бері, Европада татуировка жасаудан ауру жұқтырып өлген екі оқиға тіркелген.
Европалық комиссия Европа елдерінде көп жасалатын татуировка денсаулыққа қауіпті деп ескертті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы