АҚШ президенті Джордж Буштың Техастағы ранчосында Италия бас министрі Сильвио Берлускони екі күндік келіссөздер өткізіп жүр. Негізінен Ирақтағы жағдай сөз етіледі. Берлускони Европа Одағында төраға болып отыр, Буш Ирақты қалпына келтіру мен Таяу Шығыста бейбітшілік орнатуға Европа белсендірек қатысама деген үмітте. Берлускони әу бастан ақ АҚШ-тың, Ирақ жорығына қолдау көрсетіп осы арқылы Джордж Буштың ілтипатына бөленіп, оның ранчосында қонақ болып отыр.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы