Бетбұрысшыл қайраткерлердің айтуынша, бұл келеңесіз жағдай тек қана Оттавамен қарым-қатынастарға көлеңке түсіріп қана қоймай, ол сондай-ақ Иранның сот жүйесінің үкіметке сыни көзқарастағыларға келгенде заңды белінен басатындығын көрсетіп отыр.
Канадалық фотожурналист Захра Қаземидің өлімі - Иран реформашыларына көптен бері бөгет болып жүрген Бас прокурордың орнынан кетуі туралы талаптардың айтылуына себеп болып отыр.
Өткен аптаның басында Мәжілістің бетбұрысшыл тобының белсенді өкілі Мохсен Армин, Техранның Бас прокуроры Сайд Мұртазауи, Қаземи өткен айда бе себепті қамауға алынып, Техрандағы жаман аты шықан Евин түрмесіне қамалғандығы туралы көпшілік алдында түсініктеме берсін деген талап қойды. Мәжілістің ашық отырсында сөз алған Армин былай деді:
- Шет елдің азаматшасы, журналист қамалып, басынан соққы алып, өліп кетуі, көптеген сауалдар тудырады. Сотағасы Мұртазауи не себептен марқұмды қамауға алу туралы пәрмен шығарды және ол қандай негізге сүйеніп оны жансыз деп айыптады, соған жауап берсін.
Мәжіліс мүшесі өз мәлімдемесін үкімет комиссиясы екі бірдей елдің - Канада мен Иранның азаматшасы Қаземи 11 маусым күні басынан қатты соққы алып, миына қан құйылып кетіп мерт болғанын анықтағаннан соң жасады. Ол Техранның Бас прокурорының тікелей шешімімен қамауға алынып, оны сақшылар тергеген.
Армин мәжілісте сөйлеген сөзінде, Мұртазауи бұл атқарып отырған қызметіне лайық емес, ол өз орнынан алынуы тиіс деді
- Не себептен саяси белсенділердің және журналистердің құқықтарын бұзып, оларды тек қамауға алып, азаптап тергеуден өзгеден басқаны ойламайтын адам Техран шахарының прокуроры болуы тиіс?
Қаземидің қазасы Мұртазауиге көптен тісін қайрап жүрген реформашылдар үшін оңтайлы сын сағаты болып отыр. Техранның бас прокуроры елде өзгерістерді қалайтын топқа қарсы үнемі сот тергеу орындары арқылы қуғын-сүргін ұйымдастырып, соңғы 3 жыл ішінде бетбұрысшыл бағыттағы басылымдарды жауып, жүздеген либералды журналистерді қамауға алды. Реформашылдар сот орындарын заңды белінен басып ,саяси қайраткерлерді жабық есік жағдайында сотқа тартып және саяси тұтқындарға қарсы айуандық тәсілдерді қолданып, азаптауларға баратындықтары жөнінде айыптайды.
Реформашылдармен ортақ пікірдегі Иран елбасы Мұхамет Қатами фотожурналистің өліміне кімдердің кінәлі екендігін анықтау бойынша арнаулы зерттеу жүргізілетіндігі туралы уәде берді. Бірақ ол дәстүрлі қалыптасқан талаптарға сай, тікелей сот билігінің өзіне бұл қылмысты анықтау туралы тапсырма берді. Азаматтық мекеме Мұртазауидың өз кеңсесі бұл істі тексеруі тиіс болды. Өткен аптада бұл елеулі орын алды. Азаматтық сот бұл істі Қауіпсіздік сақтау не Әскери соттың құзырына тапсырды. Бірақ шілденің 24-і күні Әскери трибуналдың басшысы Хоят ул-Ислам Мұхамет Ниази бұл істі қайтадан Мұртазауидің мекемесіне қайтарды.
Қаземидің ісі Иран қауіпсіздік сақтау мекемесінің әр түрлі бөлімдеріне беріліп отырғандығы бетбұрысшылдар арасында сенімсіздік тудыра бастады. Техрандық адвокат Ахмет Башири Азаттықтың Фарда радиосына айтуынша, бұл істі құрдымға жіберудің айла-шарасы:
- Істің Прокуротура кеңсесінен Әскери трибуналға берілгендігі туралы сот мекемесінің қызметкерінің мәлімдемесі сөзсіз ойға қалдырмай қоймайды. Бұл дегеніміз жауапкершілік Прокуротура кеңсесі мен Қауіпсіздік сақтау министрлігінің арасында бөлініп кетеді, демек ешкім де іске нақты кімнің жауапты екендігін білмейтін болып шығады.
Қаземидің өлімін зерттеу мәселесі ирандық консерваторлар мен реформаторларының арасындағы кезекті теке-тірес қана болып қоймай, ол халықаралық дауға айланып отыр. Өткен аптада Европа Одағы Канаданы қолдап, Техраннан фотожурналистің өлімне кімдердің кінәлі екендігін мұқият анықтау туралы талабына қосылды. Оттава сондай-ақ, өткен сәрсенбіде Ираннан, өз елшісін кері шақыртып алу арқылы Техранға, Қаземидің мәйітін Канададағы оның ұлына бермей, Иранда тез жерлеп жібергендігіне өз наразылығын танытты.
Дипломатиялық дауылдың басылатын түрі жоқ, Техран өз кезегінде Канада сақшыларын, таяуда бір Иран азаматын өлтіріп, Тынық мұхитының жағалауында орналасқан Ванкувер қаласында екі ирандықты соққыға жықты деп айыптап отыр.
Иранның Сыртқы істер мекемесінің өкілі Хамитреза Ассефи, “Иран ислам республикасы дипломатиялық жолдар арқылы Канададағы ирандықтарға қарсы жасалып жатқан қылмыстарға жауап алғысы келеді”, - деді. Бірақ ол нақты запа шеккендердің аты жөні мен басқа да мәліметтерді атай алмады.