Ирақтағы жағдай тыныштау қалыпқа түсті деп мәлімдеді кеше АҚШ президенті Джордж Буш. Буш вице-президент Дик Чейни және қорғаныс министрі Дональд Рамсфельдпен Техас штатында кездескен соң осындай қортынды жасады. "Ирақта қауіпсіздік арта түсті, бірақ алда әлі талай жұмыс бар", деді Джордж Буш.
Ирақтағы басқа жағдайларға келетін болсақ, Тикрит қаласының базарында кеше американдық сарбаздар екі қару саудагерін өлтірді. АҚШ әскери басшылығының өкілі Сив Руссел ол азаматтар Калашников автоматтын және басқа қару жарақты мәшинеден алып жатты, сондықтан олар қарсылас ретінде қабылданды, деп сипаттады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы