Ресейдегі ең беделді Бүкілресейлік халық пікірін зерттеу орталығының директоры үкіметтің бұл ұйымның жұмысына араласа бастағанын айтып дабыл қаға бастады деп жазады радиомыздың талдаушы Джереми Бранштеин. Халық пікірін зерттейтін бұл тұңғыш ұйымды 1980 жылы үкімет құрған болатын.
Содан бері социолог мамандар шоғырланған бұл ұйым халық пікірін жинау арқылы Ресейдегі кез-келген саяси оқиғаға қатысты халық пікірін жарыққа шығарумен келген еді. Нәтижесінде Бүкілресейлік халық пікірі Орталығы жинаған көрсеткіштер зор беделге ие болды. Бұл Орталықтың ылғи да үкімет иелігінде болғанына қарамастан ұйым үкіметтен көктиын қаржы алмаған. Сондықтан, ұйым үкіметтен тәуелсіз саясат жүргізген. Бұ жәйлі ұйым директоры Юрий Левада жуырда Мәскеуде өткен баспасөз мәжілісінде хабарлады.
"Бұрын біздің жұмысымызға ешкім араласпайтын. Енді қайта құру деген сылтаумен, ұйым мемлекеттік акционерлік қоғам болады деген сылтаумен басшылықты өзгерткелі жатыр."
Юрий Леваданың айтуынша бұл ұйымды қайта құру жоспарын үкімет бұл ұйымда істейтін ешкіммен ақылдаспаған. Негізгі мақсаты кәзіргі басшылықтан құтылу болған.
"Іс жүзінде бұл Бүкілресейлік халық пікірін зерттеу Орталығының ақыры болмақ."
Оған себеп бұнда шоғырланған мамандарды кетіреді, немесе олардың өздері – ақ тарап кетеді дейді Левада. Бір нәрсе түсініксіз. Үкіметтің осынау халық пікірін зертеудегі жетекші ұйым басшылығын ауыстыруға не себеп болғаны түсініксіз деп жазады талдаушымыз Бранштеин. Үкімет өкілі Александр Паршуков үкімет елдегі 9 мыңдай мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру үшін оларды акционерлік қоғам қылып қайта құруға кірісті дейді. Мәскеудегі Саяси технология Инситутының маманы Дмитрий Орловтың ойынша Леваданың пікірінде жекебас мүддесі жатқандай:
"Левада өзі көп жыл отырған орнынан кеткісі келмейтінін айтады. Мүмкін өзгеріс жасайтын уақыт келген болар, Левада оған дайын емес шығар."
Ресейдегі үкіметке жақпайтын ащы шындықты айтамыз деп НТВ, ТВ6, ТВС телеарналары көрген теперішті еске алсақ, тәуелсіз пікірлерімен көзге түскен осынау халық пікірін жинау ұйымының да басына сондай бұлт үйірілген болуы мүмкін деп біледі біраз талдаушылар. Белгілі саясаткер Борис Немцов "Независимая газета" бетінде осынау Бүкілресейлік халық пікірін зерттеу Орталығы Кремльдің қытығына тие бастағалы біраз болған деп жазды.
Мәскеудегі стратегиялық зерттеу Орталығының директоры Андрей Пиянковскийдің пікірінше Кремльдің осынау халық пікірін зерттеу Орталығының басшылығын қуып жатуы наурыз айында өтетін президенттік сайлау алдындағы ақпарат көздерін тазалау шараларының басталуы. Өйткені, бұл орталық жинаған пікірлерде негізінен Путиннің халық арасындағы беделінің жоғары екені көрсетіліп отырса да, соңғы кезде Шешенстанға қарсы соғысты қолдау халық арасында 28 пайызға төмендеп кеткені айтылған. Шешенстан жанжалын бейбіт келіссөздер арқылы шешу керек дегенді халық арасында қолдау 57 пайызға көтерілгені айтылған. Бұл әрине Кремль саясатына қайшы халық пікірі екені белгілі.
"Мүмкін біздің Шешенстанға қатысты халық пікірін беруіміз біреулерге ұнамауы мүмкін. Алайда, бұл көрсеткіштер жұрттың бәріне ұнауы шарт емес, әлемдегі барлық статистикалық көрсеткіштер тәрізді" - деп біледі Бүкілресейлік халық пікірін зерттеу Орталығының директоры Юрий Левада.