Accessibility links

Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды


Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының соңғы мәлiметiне қарағанда, тамыздың 19-ына дейiн мәслихаттар сайлауына түсетiн 7473 үмiткер тiркелiп, үгiт насихат жұмыстарына кiрiсiп те кеткен.

Ал о баста тiркелмей қалған 154 адамның 12-сi Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен қайта тiркелген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының тамыздың 18-i күнгi ашық отырысында мәлiмделдi. “Ашық отырыс” дегенмен, оған санаулы ғана ақпарат құралдарының өкiлдерi шақырылыпты. Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Ләззат Сүлейменова: “Мұның себебi - уақыттың қысылтаяң болғандығынан”, - дейдi.

Комиссия төрайымының орынбасары Қуандық Тұрғанқұлов кандидаттарды тiркеу аяқталған соң баспасөз мәслихатының өткiзiлетiнiн айтып, кез-келген сұрақтан жалтарып келген болатын. Ал Орталық сайлау комиссиясының отырысына жекелеген ақпарат құралдарының өкiлдерiнің ғана шақырылғанына қарағанда, комиссия мүшелерi ашық әңгiмеге бара қоймайтын тәрiздi.

Тағы бiр айта кетерлiгi, қайта тiркелген 12 үмiткердiң алтауы Қарағанды облысынан. Олардың дер кезiнде тiркелмеуiне өкiлеттi органдар тарапынан әкiмшiлiк жауапқа тартылғандығы себеп болған. Ал заң бойынша, депутаттыққа ұсынылғандардың әкiмшiлiк жазаға сот шешiмiмен тартылғандары ғана тiрлкеуге алынбайды.
XS
SM
MD
LG