Қазақстан астанасы Астанадағы түрмеде, 166-10 деген колонияда кеше тағы жаппай наразылық орын алды, деп хабарлайды "Қазақпарат" агенттігі. Түрмеде отырған 24 азамат қарындарын жарып, тамырларын тіліп, өздеріне зақым келтірді. Әділет министрінің орынбасары Сабыржан Бекбосынов жағдайды өзі тексеріп қайтқанын, барлық азаматтарға медициналық жәрдем көрсетілгенін айтты. "Ауыр жарақат алғандар жоқ", - деді әділет министрінің орынбасары. "Олар жұмысқа шыққысы келмей, заңды талапқа көнгісі жоқ",- деп ресми сипатталды.
Дәл осындай төтенше жағдай бұл колонияда қыркүйектің соңында болған. Сонда бір қатар лауазымды тұлға әкімшілік жаза алып, жұмыстан босатылған еді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы