Алматыда 1997 жылдан бастап шағын кәсіпкерлік саласының субьектілерін қалалық бюджеттен несиелеу бағдарламасы жұмыс істейді. Осы уақыт аралығында кәсіпкерлердің бизнесін дамыту үшін басым бағыттарға жататын 126 жоба бойынша несие берілген. Биыл мәселен, бір адамға 4 миллион теңге деген есеппен жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлік өкілдеріне жеңілдікпен 80 миллион теңге несие берілсе, жыл басынан бері кәсіпкерлердің жобаларын жүзеге асыруға жасалған көмек нәтижесінде 29 кәсіпорын жалпы көлемі 78, 300 миллион теңгеге несиеленді. Сонымен бірге 286 жұмыс орны ашылды.
Алматыда биыл жергілікті бюджеттен шағын кәсіпкерлік өкілдеріне жеңілдікпен 80 миллион теңге несие берілген.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы