Қаңтар айының 9-ы күнi Ресей Федерациясының Президентi Владимир Путиннiң Қазақстанға ресми сапары басталады. Сапар барысында 2004 ж. Ресейдiң Қазақстандағы жылы болып жариялануы мүмкiн. Ал Қазақстанның Ресейдегi жылы ретiнде тарих қойнауына енген 2003 жыл қалай өттi? Қазақстан неден ұтты, неден ұтылды? Осы төңiректе пiкiр бiлдiргендердiң сөзiне қарағанда, бұл сұрақтарға әзiрге тоқ етер жауап беру қиын.
«Дегенмен, рухани тұрғыдан алғанда Қазақстанның Ресейдегi жылының жақсылығы көп. Әсiресе, Ресейдегi қазақ диаспорасы үшiн шапағаты молынан болды», --дейдi Астанадағы заң академиясының профессоры Нұртас Иманқұл. Оның айтуынша, Қазақстан жылы төл мәдениетiнен қол үзiп алған ресейлiк қазақтар үшiн үлкен рухани серпiлiс әкелген.
«Қазақстанның Ресейдегi жылын, әсiресе, Ресеймен шектес аймақтардың тұрғындары жақсы сезiндi», - дейдi Солтүстiк Қазақстан облыстық университетiнiң оқытушысы Зарқын Тайшыбай. Мұндай қарым-қатынас ең алдымен ресейдегi қазақтар үшiн пайдалы».
Зарқын Тайшыбайдың сөзiмен айтқанда: «Жыл бойғы барыс-келiс, алыс-берiс кезiнде ресейлiктер тарапынан ешқандай астамшылық пиғыл байқалған жоқ. 90 жылдардағыдай ұлыорыстық шовинистiк кеудемсоқтық қалып бара жатқанға ұқсайды. Мұның өзi екi ел арасындағы қарым-қатынас мәдениетiнiң де сапалана бастағанын көрсетедi».
Профессор Нұртас Иманқұл: «Мәдени-рухани саладағы ынтымақтастықтың нығаюы, бiр есептен, қазақ тiлiнiң жағдайын бұрынғыдан да нашарлатып жiберуi мүмкiн. Оның үстiне Ресей басшылығы ТМД мемлекеттерiнде тұратын 25 миллион орыс жұртшылығын сол елдерде түбегейлi тұрақтандыруды көздеп отыр. Сондықтан, қазақтар Ресейдiң мәдени экспансиясына төтеп беруге дайын болуы керек. Ал ол үшiн күштi ұлттық идеология қажет», - дейдi.
Ресей басшысының алдағы сапары кезiнде Ресейдiң Қазақстандағы жылын ресми түрде жариялаумен қатар, бiрқатар саяси, экономикалық және мәдени-рухани салалар бойынша маңызды келiсiмдер жасалуы мүмкiн деген болжам бар.