Accessibility links

Таяу Шығыс текетіресі тағы ушықты


Наблус қаласында Израил сарбаздары атыс барысында кеше тәңертен үш палестиндік азаматты өлтірді. Олардың біреуі бірнеше сағаттан соң жерленіп жатқанда табытты көтеріскен тағы бір 17-жасар азамат өлтірілді. Израил әскери өкілдері жерлеу рәсіміне қатысып жатқан қарулы азаматтар тарапынан қоқаң-лоқы айтылды деп түсіндірді. Палестина өкілі Саиб Ерекат орын алған жағдайды "зұлымдық" деп сипаттады, текетірестің ушыққанына Израил айыпты деді.
XS
SM
MD
LG