Ауғанстан тұрғындарының арасындағы мәдени, діни әртектіліктер енді міне, мемлекеттік Қабыл теледидарынан әйел әншінің бейнесін көрсету керек пе, жоқ па деген сауал төңірегінде қызу айтыс-тартыстардың өрістеуіне әкеліп отыр. Бұл айтыс түптің-түбінде Ауғанстанның жаңа Ата заң баптарының қашалықты өміршең екендігін сынаққа салғандай. Ауған Жоғарғы сотында отырған консервативтік бағыттағы ресми тұлғалар:”Мұндай рұқсаттар Ата заңда көрсетілген шарттарға кері әсер етеді”,- дейді. Ал, Өтпелі өкіметтегі жаңашыл сипаттағы реформашылар болса, Жоғарғы соттағылардың мұндай талаптарын ескермеуге тырысуда. Өткен аптада Азаттық радиосының Ауған редакциясы көпшілік үшін пікірталас ұйымдастырған болатын. Яғни тыңдармандар үшін өз ой-пікірлерін білдіру мүмкіндігі туындаған еді. Ауған елбасы Хамид Қарзайдың пікірінше, тыңдарман қауым ел өкіметінің бағытын қолдауда. Яғни әйел әншілер үнін әуеге беруге 12 жыл бойғы салынған тиымды алып тастауды олар қолдауда.
- Ауған радиосы мен теледидары бойынша әйел әншілер 50-60 жылдан бері ән айтып келеді. Бұл- ақпарат және мәдениет министрінің қабылдаған шешімі болатын. Мен өткен күндерде радио арқылы бірнеше сұхбаттарды тыңдадым. Халық ондай шешімді қолдауда, - деді Қарзай мырза.
Бір қызығы аталған тиымдарды консервативтік бағыттағы Талибан билігінен бұрын моджахет жауынгерлері алғаш рет 1992-ші жылы жариялаған еді. Советтік Қызыл әскермен бірнеше онжылдықтар бойы күрескен олар әйел әншілердің көпшілік көзіне көрінуіне қарсы еді. Дәл сол моджахеттер басшыларынан билікті 1996-шы жылы тартып алған Талибан өкіметі болса, Ислам шарттарын одан әрі әсіре түрде түсіндіріп, ел бойынша теледидар хабарларының таратылуына тиым салған болатын. Ауғанстандағы әйелдер істері бойынша министр Хабиба Сараби өткен аптада Азаттық радиосы Ауған тіліндегі қызмет бөлімінде болып, өз ойымен бөліскен еді.
“Жоғарғы сот мүшелерінің әйел әншілерге салып отырған мұндай тиымы елімізді қайтадан Талибан билігі дәуіріне кері апара алмайды. Бұл орайда ел өкіметінің ұстанып отырған бағыты айқын”, - деді ол.
Талибан билігін құлатуда АҚШ тарапына барынша көмектескен Солтүстік одақ күштері өкілдері де әйел әншілерге салынатын тиымдарды қоштауда. Ал, Лойа Жырғаның Ата заң баптары жобасын дайындауға қатысқан мүшелері де Қарзай мырзаны “Аталған жобаға 4-ші қатра күні енгізілген өзгертулерге түзету жасады”-, деп кінәлап отыр. Ал, Қарзайдың көмекшісі болса “Елбасы тек қана өзіне өкімет тарапынан ұсынылған жобаға қол қойды” деп түсінік беріп өтті-, дейді Азаттық радиосы жаңалықтар бөлімінің тілшісі Рон Синовиц.