Аталған баспасөз мәслихаты барысында өткен екі аптаның америкалықтар және ирақтықтар үшін ауыр болғандығын айта келіп, елбасы Буш егер әскери басшылар сұраған жағдайда Ираққа тағы қосымша күштердің жөнелтілетіндігін хабарлады. Бұл жолғы бас көтерулер жалпы Ирақ халқының сезімі емес, сондықтан ол көтерілістер уақытша ғана болмақшы, деген сенімін де ол білдіріп өтті.
“Біз көрген бұл зорлық-зомбылықтар әсірешіл және қатыгез елементтердің билікті күшпен басып алуға тырысушылығы еді. Бұл азамат соғысы немесе қандайда бір көтерілістер емес. Ирақтың көп жерінде, салыстырмалы түрде, жағдай қалыпты. Көптеген ирақтықтар зорлық-зомбылықтарды қолдамайды. Және диктаторлық билікке қарсы”-, деді Буш мырза.
Осы айдың өзінде Ирақта 83 АҚШ әскериі қаза болып, 560-ы жараланған. Мұндай шығын Саддам Хусейн биліктен кеткеннен бергі бірде-бір тұтас айда да орын алған емес. Ирақ соғысы басталған 13 ай ішінде 678 америкалық солдат қаза болған екен.Құрама Штаттарындағы елбасылық сайлауларға дейін 7 айдай уақыт қалған кезде бұл оқиғалар Буш мырзаның беделіне жәйлы әсер етпеуде.
Ұлттық қауіпсіздік саласындағы іс-әрекеттеріне орай сұралғандардың 50 пайызынан көбі, ал экономикалық сала бойынша жетістіктеріне байланысты 50 пайыздан аз бөлігі Буш мырзаны қолдап шыққан екен. Сарапшылардың айтуынша, бұл жеңіске апара қоймайтын көрсеткіш сияқты. Себебі, Ветнам соғысының қызып тұрған кезінде, яғни 1968-ші жылы, осындай көрсеткішпен сол кездегі елбасы Линдон Жонсон қайта сайлана алмай қалған болатын. Буш мырза бұл орайда америкалық сайлаушылар үкімін қабылдауға өзінің әзірлігін айтты.
Ирақ егемендігін сол ел азаматтарына тапсыру ісінің кейінге қалдырылмайтындығын айта келіп, Буш мырза Ирақтың жаңа өкіметін ресми Вашингтонның тез арада мойындайтындығын, Бағдатта елшілік ашылатындығын хабарлаған екен. “30-шы маусымнан бастап Ирақта биліктің қандай түрі орнамақ”?- деген сауалға Буш мырза бұған орай БҰҰ-ның Ирақтағы өкілі Лахдар Брахимидің жұмыс жүргізіп жатқандығын, таяу арада оның жауабы болатындығын айтты .
11-ші қыркүйек оқиғасының себеп-салдарларын зерттеу комиссиясы алдында осыдан үш апта бұрын сөйлеген сөзінде террорлық әрекеттерге қарсы күрес бойынша Буштың бұрынғы бас көмекшісі Ричард Клерк мырза сол қайғылы оқиғалардың алдын-алу үшін бар күшін салғандығын, алайда қолынан келмегендін айтып, көпшіліктен кешірім сұраған болатын. Баспасөз мәслихаты барысында: “Сіз де осылайша кешірім сұрау немесе жауапкершілікті алу керек, деп сезінесіз бе”?-деген сауалға жауап беруден елбасы Буш қашқақтаған еді. “Сіз осыған байланысты қандайда бір қателіктер жібердім деп есептейсіз бе”?- деген сауалға ол күмілжіп, бірден жауап бере алмай, біраз іркіліп, кібіртіктеген екен. Бірақ ең соңында АҚШ елбасы Буш өзінің кейбір қателіктерді жібергендгін, дей тұрғанмен баспасөз мәслихаты барысында өз ойын жинақтай алмай тұрғандығын мойындаған.