Accessibility links

Қытай мен Үндістан Орта Азия елдеріне жақыннан қызыға бастады.


Үндістан мен Қытайдағы айтарлықтай экономикалық өрістеу олардың Орталық Азия елдеріндегі энергия қуаттарына қызығуын күшейте бастады. Халықаралық құтқару комитетінің теңтөрағасы, сондай-ақ АҚШтың Қытайдағы бұрыңғы елшісі Уинстон Лорд алдымен Қытай одан кейін Үндістан өзінің энергия қуатына деген қажетін өтеу үшін міндетті түрде Орта Азия елдерімен өзара байланысқа кірісе бастайды деген сенімде.

Нью Йорктағы Азия қоғамында жуырда өткен жиында, Уинстон Лорд әсіресе Қытай Орта Азияға етене қызыға бастады, деді.

- Үндістан мен Қытайдың энергия қуатына деген мұқтаждығы аса жоғары екендігі ақиқат. Бұл екі елдегі экономика дамыған сайын энергия тапшылығы да сезіле бастады. Ол тығырықтан шығудың бір жолы Орта Азиядағы энергияны өзіне тарту болмақ. Менің білуімше Қытай бұл бағытта қатты еңбектенуде. Бірақ шынымды айтсам, Үндістанның бұл орайда не істеп жатқандығынан хабарым шамалы, - дейді Уинсдтон Лорд.

Ал Қытай бұл салада Орта Азияда көп млд долларлық жоба жасауға кірісіп кеткен. Соның бірі Қазақстаннан Шыңжаңдағы Дұшанжы қаласына дейін 3 мың шақырым болатын мұнай құбырын салу болмақ. Елші Лордтың Азаттық тілшісіне айтуынша, өзіндегі энергия қуатының азая бастағанын сезген Қытай енді Орта Азияға қарай бет бұрғаны белгілі.

- Қытай энергия қоры үшін негізгі капиталды бөле бастады. Себебі, жақын жылдарға дейін өз энергия қуаты өзіне жетіп жатқан болса, енді экономикалық дамуға орай Қытайда энергия тапшылығы байқалып, АҚШтан кейін әлемдегі екінші бір импортерға айналды. Ал, бұл Ресеймен бірге Шанхай тобын құрған Орта Азиялықтарға әсер-ықпал болар деген сөз, - дейді АҚШтық елші.

Қытайға энергия қуатын жеткізуде Қазақстан Ресеймен өзара бәсекелестік жағдайда. Лордтың айтуынша, бұл екі ел де Қытайға мол энергия қуатын бере отырып, өз кезегінде табысты болмақ. Дегенмен, Нью Йорк жиынына қатысқанқандардың пікірінше, Үндістанның Орта Азия базарына шығуы қыиындау жолмен іске аспақ. АҚШтық халықаралық топтың төраға орынбасары және АҚШтың Үндістандағы бұрыңғы елшісі Франк Уиснердің айтуынша, Үндістан Орта Азия энергия көздеріне ертеден-ақ көз сала бастаған. Бірақ географиялық, саяси кедергілер мүмкіндік бермеген. Мысалы, тұрақсыздық жайлаған Ауғанстанмен мұнай, газ тасу оңай шаруа емес екендігі белгілі.

- Үндістан Орта Азия газы мен мұнайына ертеден-ақ құштар бола бастаған. Бірақ, оны Үндістанға тасып жеткізу мәселесі бар емес пе. Оның үстіне, Үндістанға Қатар Индонезиядан газ, ал Таяу шығыстан мұнай тасу жеңілдеу, - дейді Уиснер.

Бірақ Франк Уиснердің айтуынша, мәдени және басқа да байланыстардың арқасында , өзге мәселелерді шешуде Үндістан дипломатиялық мүмкіндіктерді жіберіп ала қоймас.

Оған тағы бір дәлел, егер Үдістан да Қытай сықылды БҰҰның Қауіпсіздік кеңесінде тұрақты мүше бола қалса, онда тиісті жеңілдіктен қалт жібермей пайдала алуы мүмкін дейді панелистер.
XS
SM
MD
LG