Соня Ганди жетекшілігінідегі оппозициялық Конгресс партиясы өзінің парламент сайлауында жеңіске жеткендігін мәлімдеді. Парламент сайлаулары бес кезекте 20-ы көкектен 10-ы мамырға шейін жүрді. Сайлауға дауыс берушілердің 55 пайызы қатысты. Бұл туралы Конгресстің өкілі Амбика Сони былай деді : " Соңғы үш күн бойы біз, сайлаулардың алғашқы нәтижелеріне сүйеніп, елдің бұрынғы басшылығының билікке моральдық тұрғыдан құқығы жоқ,-деп айтумен келеміз. Енді біздің партияның басшылығымен елдің жаңа үкіметті құрылады."
Үндістанның Билік басында отырған Ұлтшыл партиямен оның өкілі бас министр Атал Бихари Ваджпаи өздерінің оппозицияға кететіндіктерін жариялады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы