Израил әскері Газа секторындағы бір аптаға созылған әскери операциясын аяқтады. Операция барысында 41 палестиндық опат болып 56 үй құлатылған. Кеше Израил бұл аймақтан танктерін шығарды. Алайда Израил қорғаныс министрі Шаул Мофаз егер де Израилға терроризм қатері төнсе онда Израил әскері бұл аймаққа қайта оралады деді. Израил жағы бұл операцияны аймаққа сырттан қару тасымалына тосқауыл қою үшін өткіздік дейді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы