Accessibility links

Запастағы әскерилер одағы Иракқа әскер жіберу сәтсіздеу саяси қадам деп отыр.


«Запастағы әскерилер одағы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан әскерінің қазіргі кезде кәсіби жағынан дами алмауына бірнеше жағдайлар кедергі болып отыр деген ұстанымдарын білдірді.

Оның ең басты көрінісі «Әскери қызмет туралы» заң жобасы ел парламенті депутаттарының назарына ұсынылғанда белгілі болды дейді.

Қазақстанға дәл қазір алдымен әскердің кәсібилігін шыңдайтын заң мен мемлекеттің оң көзқарасы қажеттігін айтады олар. Осы мәселелер турасында одақ басшылары толық құрамымен түсінік беруге тырысты.

Запастағы әскерилер одағының Қазақстанның бүгінгі қорғаныс саласына көңіл толмаушылықтарының басты себебін ел басшылығының осы бағытта саясиланған ұстанымды басшылыққа алғанынан іздейді.

Одақ төрағасының орынбасары К.Жамписов бұл реттегі қорғаныс министрлігінің соңғы қадамдарының аса сәтті емес екенін айтады.

Бұл пікірлерге орай осы саланың сарапшысы, әскери ғылымдар профессоры К. Серікбаевтың ойынша, саладағы бастамалар баянды болу үшін оған қомақты қаражат қажет дейді.

Сондай-ақ, Запастағы әскерилер одағы Иракқа Қазақстан өз әскерлерін жіберуі анық саяси қадам. Ал ондағы Қазақстан әскерлерінің құқы қорғалып, әлеуметтік жайлары ешкімді ойландырып отырған жоқ деген көзқарастарын да жеткізді.

Ал осы одақтың парламент депутаттары талқылауында жатқан «Әскери қызмет туралы» заңына орайғы әрқилы пікірлері жөнінде генерал-майор Р. Қайдаровтың көзқарасын сұрағанымызда ол өзінің аталған заңды қолдайтындығын жеткізді.

Алайда полковник Ким Серікбаев Запастағы әскерилер одағының заң турасындағы сыни пікірлерінің дұрыстығын айта келіп, онда көп жайтқа әлеуметтік мән беріп қаралмағандығын алға тартты.

Сөйтіп, Запастағы әскерилер одағы елдің қорғаныс саласы жөніндегі ұстанымдарын жоғары билік назарына да жолдайтындықтарын білдірді.
XS
SM
MD
LG