Accessibility links

Мәжіліс Сорокиннің депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы мәселені күн тәртібінен алып тастады


Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісінің депутаты Борис Сорокинді партиялық тізім бойынша өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным жазып, маусымының 23-і күні Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы қарауына шығарған. Алайда, Мәжілістің кейбір депутаттарының ұсынысымен мәселе күн тәртібінен алынды.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан үш ай бұрын Қазақстанның Коммунистік партиясының Орталық комитетінің шешімімен Борис Сорокинді партиядан шығару туралы шешім қабылданып, мәселе Орталық сайлау комисиясының алдына қойылған. Қазақстанның Коммунистік партиясының жетекшісі Серікболсын Әбділдин Борис Сорокин партияға қарсы жұмыс жасады деген себеппен шығарылған, дейді. Ал, Орталық сайлау комисиясы Серікболсын Әбділдин түсірген хатты 98 күн қарап, Парламент Мәжілісінің жалпы отырысының күн тәртібіне ұсынған.

Депутат Әбділдин Орталық сайлау комиссиясы мәселені ертерек ұсынғанда басқадай бағыт болар еді. Біз бұл жағдайды аяқсыз қалдырмаймыз деп отыр.

Серікболсын Әбділдиннің пікірінше, Мәжіліс депутаты Борис Сорокинге қатысты мәселенің күн тәртібінен алынуын депутаттар түсінбей немесе түсініп, заңға қарсы дауыс берді. Бұл күні тәртібіне сөзсіз кіретін жағдай еді, дейді.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешев үш ай бұрын коммунистік партияның жетекшісі Серікболсын Әбділдин партиялық тізім бойынша Борис Сорокиннің депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы өтініш хат жолдағанна кейін Сорокинмен хабарласқандарын айтады.

«Партия жарғысы бойынша ол үш ай ішінде комунистік партия орталық комитетінің шешіміне шағымдана алады. Біздің ақпаратымыз бойынша ол шағымданған жоқ. Бірақ ол шағымданатынын айтып бұл әрекеттерді тоқтату туралы хат жазды. Коммунистік партияның 5-ші маусымда өткен съезінде ешқандай шағым түсірмеді. Үш ай мерзімнің өтуіне байланысты біз Сорокиннің партиялық тізім бойынша депутаттық өкілеттігін тоқтату туралы ұсыным жаздық, дейді Бақыт Мелдешев.

Ал, депутат Валерьян Земляновтың пікірінше, Әбділдин аталған мәселені саясаттандырығысы келіп отыр.

Депутат Ерасыл Әбілқасымов Әбділдин өзінің социал-демократтар тобымен Сорокинді партиядан күшпен шығарып отыр. Ал, Сорокин Әбіділдиннің партиясында жұмысын жалғастыруда, дейді.

Ал, Борис Сорокин болса Мәжілісте ешқандай сөз сөйлемеді. Ұялы телефонына хабарласқанымызда ол өзінің Әбділдин жетекшелік ететін Қазақстанның коммунистік партиясында екенін айтты.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Бақыт Мелдешев Парламенттің келесі жалпы отырысында бұл мәселе міндетті түрде күні тәртібіне шығарылуы қажет, бірақ оған депутаттардың қалай дауыс беретіні белгісіз, дейді. Ал, бір аптадан кейін Парламент бесінші сессиядағы жұмысын аяқтап каникулға шыққалы отыр.
XS
SM
MD
LG