Ирақтағы көтерілісшілер өз тұтқынында ұстап отырған 2 түрік азаматын оларды жалдаған компания АҚШ әскерімен жұмыс істеуден бас тартатынын мәлімдеуінен кейін бостандыққа жіберді. Әлгі жұмысшылар 1 ай бұрын тұтқынға түскен болатын. Бүгін, сондай-ақ, Бағдадтың орталығындағы көбіне шетелдіктер тұратын 2 қонақ үй зымырандармен атқыланып, олардың бірі Шератон қонақ үйінің 10 қабатында, екіншісі көрші қонақ үйдің сыртында жарылған. Қаза болғандар жайында мәлімет жоқ. Экстремистер бұл шарасын Саддам Хусеиннің үстінен сот процесі басталған күннің ертеңіне жүзеге асырды.
Ирақтағы көтерілісшілер өз тұтқынында ұстап отырған 2 түрік азаматын оларды жалдаған компания АҚШ әскерімен жұмыс істеуден бас тартатынын мәлімдеуінен кейін бостандыққа жіберді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы