Ирақ өкімет басшысының орынбасары Бархам Салихтің айтуынша, ресми Бағдат пен Дамаск ортақ шекараны қарулы топтардың қиып өтуінен бірлесе қорғауға келісіп отыр. Ол аталған хабарламасын Сирияға жексенбі күнгі ресми сапары барысында жасаған болатын. Аталған сапар егемендігін өз қолына алғалы бергі Ирақ ресми өкілдерінің Сирияға алғашқы ресми қадамы болып отыр. Сирия елбасы Башар әл-Асадпен кездесуінен кейін жасаған осы мәлімдемесінде Салих мырза Ирақтағы қауіпсіздік пен егемендіктің нығайа түсуі тұтас аймақ үшін аса маңызды екендігіне тоқталды. Оның сөзіне қарағанда, Ирақ аралық өкіметі мұндай әріптестікті қайта қалпына келтіру аймақтық қауіпсіздік үшін өмірлік маңызды алғы шарттар екендігіне көршілерінің көзін жеткізуге тырысуда. Енді Салих мырзаның өзіне сөз берсек: “Жаңаша сипаттағы Ирақтың аймақтық егемендікті қолдайтындығын көріп отырмыз. Жаңа Ирақ келбетінде біз аймақ елдерімен жаңа одақтасты, сол арқылы аймақ халқы үшін пайдалы қадамды көріп отырмыз. Сириямен арадағы екі жақты қарым-қатынастарға келетін болсақ, екі ел үшін де аса маңызды экономикалық және саяси салалардағы байланыстың қажеттілігі туындап отыр. Бұл жерде екі жақты қарым-қатынастарға қажетті-тарихи, мәдени, әлеуметтік және экономикалық өзара байланыстар бар-, деді Ирақ өкімет басшысының орынбасары Салих.
Лондонда орналасқан, Халықаралық байланыстарды зерттеу институтының Таяу Шығыс бойынша маманы Риим Аллаф ханымның пікірінше, Ирақ аралық өкіметін көршілес елдердің мойындауына қол жеткізу үшін бұл алғашқы сапардың маңызы зор болып отыр. Дей тұрғанмен, Ирақпен арада шекара қауіпсіздігіне орай әріптестіктің орнауы ресми Дамаскінің АҚШ тарапынан тағайындалған аралық өкіметті мойындағаны деген сөз емес, дейді Аллаф ханым. Өзге де Араб елдері сияқты Сирия да Ирақтағы жағдайдың тынышталуына мүдделі. Олар ел ішіндегі бей-берекеттіктердің көрші отырған өз елдеріне қарай жылжуын қаламағандықтан да Ирақ аралық өкіметімен әріптестік орнатуға тырысуда.
Ал, Парижде орналасқан Халықаралық байланыстар иститутының Таяу Шығыс бойынша маманы Реми Ливеюдің сөзіне қарағанда, Құрама Штаттары тарапынан қауіпсіздік кепілдігі берілмейінше Ирақтың аралық өкіметін Сирия елбасы әл-Ассадтың мойындауын Сирия өкіметі ішіндегі кейбір саяси күштер қаламауда. Ал, ондай уәдені бере қоюға АҚШ тарапы қазір дайын емес,-дейді сарапшы.
Ал, Ирақ өкімет басшысы Лиад Аллауидің көршілес елдерге осы апта ішінде жасамақ ресми сапары оны жаңа рөлге көтермекші. Яғни Аллауи мырза Құрама Штаттары мен Араб елдері арасындағы ара ағайындық рөл атқаратын болады.
Ал, қауіпсіздік тұрғысында Ирақ үшін Иран және Түркия елдерімен дипломатиялық байланыстар орнату аса маңызды, дейді сарапшы Ливею мырза. Себебі, Иран елінің Ирақтағы шиит қауымдастығына ықпалы зор. Ал, Түркиямен қарым-қатынастың Ирақтағы күрдтер мәселесіне байланысты маңызы арта түспекші. Бұл орайда Сириямен байланыс орнату өзге елдермен салыстырғанда оңайлау болмақшы. Себебі, Сирия елі Таяу Шығыстағы жағдайдан, әсіресе соған орай Израйль мен Құрама Штаттары тарапынан болуы мүмкін қысымнан қаймығады, дейді сарапшы.