Оларға граната соққысы беріліп, оқ жаудырылған. Ал Бағдадтың өзінде көлік бомбысы жабуылы кезінде 11 азамат қаза тауып, 40 шақты кісі жараланған.
Ирақ уақтынша үкіметінің бас министрі İйад Алауидің айтуынша, ол шабуылдар үкіметтің лаңкестікке қарсы күрес шараларына наразы топтардан шығып отыр.
- Мұның бәрін Ирақ халқына қарсы жасалып отырған қылмыс деу керек, - дейді үкімет басы.
Бұл арада, Ирақтық қарулы топ бір Болғар азаматын өлтіріп, екіншісін тұтқында қорқытып ұстап отырғандығына қарамай, Болғария парламенті Ирақтағы өз сарбаздарын одан әрі қалдыра беретіндігін жариялады. Ал Филиппин үкіметі тұтқындағы өз азаматын аман сақтап қалу үшін Ирақтағы 51сарбазын алып шығып кете бастады. Сондай-ақ , кепілдік тұтқындағы көлік жүргізушісін құтқару үшін Сауди компаниясы да Ирақтан шығып кетуге әзірміз деген.