Қазақстанның республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын Есеп комитеті «Байқоңыр» кешенін жалға беру туралы Қазақстан-Ресей үкіметаралық келісім шартының бұзылғандығын анықтады. Ресейдің 13 710 әскери бөлімшесі өздеріне бекітілген темір жол өткелдерінің бірін «Роснефтересурс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне береді. Соның салдарынан Қазақстанның Қорғаныс министрлігі өздеріне қарасты жол өткелін Қарулы күштердің әскери дайындығын шыңдау мақсатына пайдалана алмай отыр.
Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын Есеп комитетінің мәліметінше, Үкіметтің қаулысымен 2000-ға жуық темір жол әскерилерге бекітіліп берілген. Енді Ресейдің 13 710 әскери бөлімшесі осы темір жол өткелдерінің бірін «Роснефтересурс» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігіне қосалқы жалға берген. Есеп комитетінің кеңесшісі Анатолий Ардабеков олардың бұл жолды коммерциялық мақсатта пайдаланып келгендігін айтады.Сондай-ақ, жылжымайты мүлік орталығының шығарған қаулысында белгіленген 250 метр жердің орнына 450 метр деп жазылған», дейді.
Сөйтіп, Есеп комитетінің кеңесшісі Анатолий Ардабеков осының салдарынан Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімшелері жол өткелін Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери дайындығын шыңдау мақсатына пайдалана алмай отырғандығын айтады.
Есеп комитетінің тексеруі нәтижесінде Ресейдің 13 710 әскери бөлімшесінің жол өткелін «Роснефтересурс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қосалқы жалға беруі заңсыз деп табылған. Ал Қорғаныс министрлігіне хабарласу мүмкін болмады. «Қазіргі кезде қазақстанның ведомствоаралық комиссиясы жол өткелін Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке жалға беруден алып тастау және қосымша жалға беру туралы келісімнің күшін жою туралы ұсыныс енгізу жайын қарастырып жатыр», - дейді Есеп комитетінің кеңесшісі Анатолий Ардабеков. Жалпы биылғы жылдың 7 айының ішінде есеп комитеті 220-дан астам нысанға тексеру жқмыстарын жүргізіп, 8 миллиард теңгеге жуық заң талаптарын бұзу оқиғасын әшкерелеген».