Accessibility links

Ауғанстанның оңтүстігінде мина жарылысынан екі америкалық солдат және бір ауғандық азамат қаза болған.


Ал, Забул провинциясында талибан өкілдерінің қос шабуылынан кейін алты америкалық солдат жараланған екен. Жұма күні кешке сайлау бекеттерінде жұмыс істеуші екі азаматтың өлтірілгені үшін БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан шабуылшыларды айыптауын жариялады. Сайлау комиссиясының үшінші адамы із-түзсіз кеткен болып тұр. Полиция жасақтары шабуылшының біреуін ұстаған екен. Оның айтуынша, бұл шабуылдарды Талибан жасағы ұйымдастырып отыр.
XS
SM
MD
LG