Бұл жөнінде әл- Арабия теле арнасы хабарлап отыр. Бейне таспада сөйлеп тұрған дипломат Фаридон Жахани бейнеленген. Алайда, оның үні естілмеуде. Соған қоса Жахани мырзаның төлқұжаттары да көрсетіліп, оның Карбаладағы Иран Ислам республикасының консулы екендігі расталуда. Қарулы топ өкілдері болса Жахани мырзаны Ирақта секталық негіздегі соғысқа түрткі болуда, деп айыптап отыр. Олар Иран елінің Ирақтың ішкі істеріне қол сұқпауын талап етуде.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы