Сейсенбі, тамыздың 6-сы күні Алматыда «Әйелдерді кемсіту және оларға қысым көрсетудің барлық түрлерін жою туралы» конвенция бойынша, 2-ші ұлттық баяндамаға балама құжаттың тұжырымдамасы талқыланды. Балама баяндаманы даярлауға ат салысқан әйелдердің Үкіметтік емес ұйым өкілдері: «Қазақстанда әйелдерді кемсітушілік әрекеттері толық жойылмай отыр» деген мәлімдеме жасады. Қазақстандағы Феминистер лигасының президенті Евгения Козырева: "әйелдерді кемсітушілік әсіресе сайлау науқаны барысында қатты байқалды" деп отыр.
Қазақстандағы Феминистер лигасының президенті Евгения Козырева: «біздің республика Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы комитетіне 4 жылда бір рет елдегі әйелдерді кемсітушілікті жою барысы жайында баяндама әзірлеп отыруға міндеттеме алған. Бұл ретте Біріккен Ұлттар Ұйымына алғашқы ұлттық баяндама 1999 жылы ұсынылған соң, халықаралық ұйым ел үкіметіне бірқатар сауалдар қойып, оларға алдағы 4 жыл ішінде жан-жақты жауап беруге тапсырма жүктеген болатын. Сол екінші ұлттық баяндама Біріккен Ұлттар Ұйымына үстіміздегі жылдың тамыз айында өткізілуі тиіс. Осыған сәйкес Қазақстандағы әйелдердің Үкіметтік емес Ұйым өкілдері үкіметтік құжатқа балама баяндама әзірлеп шықты» дегенді айтты. Козырева ханымның сөзіне қарағанда, балама баяндаманы әзірлеу жұмысына Қазақстанның әр түкпірінен 11 ұйым жұмылдырылыпты:
- Екінші балама баяндаманы даярлауға Қазақстанның әр облысынан 11 ұйым ат салысты.
Алматы қаласындағы әйелдердің ақпараттық орталығының директоры Гүлсара Тіленшиева Қазақстандағы әйелдерді кемсітушілік сайлау жүйесінде орын алып отырғанын жеткізді. «Сайлауға атсалысатын электораттың 53 пайызын әйелдер құрайды. Сөйте тұра, әйел-жолдастардың ер-азаматтармен салыстырғанда сайлану, өзін үміткер етіп ұсыну құқығы тең дәрежеде сақталмай отыр. Оған елдегі саяси партиялардың орталық сайлау комиссиясына ұсынған партиялық тізімдерін қарап шықсаңыздар көз жеткізесіздер. Қазақстандағы 11 партияның тек екеуінде ғана әйелдердің аты-жөні партиялық тізімнің бас жағында тұр» дейді Гүлсара Тіленшиева. Аймақтық тұрғыдан алып қарағанда Қазақстанның Шығыс облыстарында әйелдердің саяси белсенділігі өте жоғары болып тұр» дейді жуырда ғана Өскемен қарасында семинар өткізіп қайтқан Гүлсара Тіленшиева:
- Шығыс Қазақстан облысынан шыққан әйелдер парламентте көп орын алды. Сосын ол кісілер заң шығару жүйесінде жемісті еңбек етті.
Балама баяндаманы дайындаушылар соңғы 1 жыл ішінде республикадағы орта жасы 32-лердегі 1017 әйелге сұрау салыпты. «Анығында тап бүгінгі жағдайда әйелдердің саяси, құқықтық нормаларға бас қатыруға шамасы жоқ. Олар қазір ең алдымен денсаулық, әлеуметтік салаларда қорғалуды қалайды» дейді халықаралық «Шығыс әйелдері» экологиялық қауымдастығының президенті Үрқыз Илиева. Оның айтуынша, жыныстық тұрғыдан кемсітушілікке ұшыраған әйелдер көбінде Үкіметік емес Ұйымдар мен соттардан көмек көреді екен. «Ал тұжырымдамаларында әйелдерді кемсітушілікті жою туралы баптар бар көптеген мемлекеттік органдар тиісті қызметтерін атқармай отыр» дейді Үрқыз Илиева:
- Халық арасында әйелді ана деп, ақ жаулықты асыл жан деп ардақтайды. Анығында, халықты тәрбиелеп өсіретін сол аналар ғой. Ал қазір сол аналардың жағдайы қалай болып жатыр?.. Ол туралы әңгіме қозғалса, қатты қынжыласың. Сондықтан аналардың, әйелдердің ер-азаматтармен тең дәрежеде өмір сүруі үшін ол кісілер парламентте отыруы керек. Әйтпесе, қоғамдағы қордаланған мәселелер өздігімен шешілмейді.
Қазақстандағы Феминистер лигасының президенті Евгения Козырева әйелдердің зейнетке шыққан кезде алатын жәрдемақысында да кемсітушілік байқалатынын айтады. «Қыз-келіншектер ер-азаматтарға қарағанда үй шаруашылығына, бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлемін деп жұмыс өтілін де азайтып алады. Ал ол жағдай зейнетақы есептеген тұста назарға алынбай қалады» дейді Евгения Козырева. Алматы қаласындағы әйелдердің ақпараттық орталығының директоры Гүлсара Тіленшиева болса, салт-дәстүр, жөн-жоралғы жағынан да әйелдерді кемсіту оқиғалары жиі кездесетінін жеткізді. «Біріккен ұлттар Ұйымының арнайы комитеті әйелдерді кемсіту және оларға қысым көрсету тобына жатқызған жас қыздарды ешқандай келісімсіз біреуге айттыру, қалыңмал төлеу, әмеңгерлік жолмен шаңырақ құру және ең сорақысы қыз алып қашу үрдістерінен біздің ел заматтары әлі де толық арыла алмай отыр» дейді Гүлсара Тіленшиева.