Accessibility links

Ресей федералды энергетика агенттігі бүгін "Юкос" мұнай компаниясының тоқтатылған есеп-шоттарын ашуды сұрады


Сот "Юкос" компаниясы 2000 жылы салықты толық төлемеді деп, компаниядан 3 миллиард 400 миллион доллар өндіріп алу мақсатында есеп шоттарын тоқтатқан болатын. Ресей федералды энергетика агенттігі еліміздегі ірі мұнай өндіруші – "Юкос" компаниясы тоқтап қалса Ресейде мұнай өндіруіне және мұнай экспортына зақым келеді деп ескертті. Энергетика және индустрия министрлігі үкіметке мұндай өтініштің түскенін растап отыр.
XS
SM
MD
LG